Accessibility links

ҚР парламенті депутаттығына үміткер-кандидаттар өздерінің үгіт-насихат жұмыстары барысында құқықтарымыз бұзылды дейді


ҚР парламенті депутаттығына үміткер-кандидаттар өздерінің үгіт-насихат жұмыстары барысында құқықтарымыз бұзылды дейді

Құқымыз бұзылып отыр деген бірқатар парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңын алдымен биліктегілердің өзі орындамауда дейді. Олар сайлау компанияларының жұмысы барысында сайланатын кандидаттардың үгіт жүргізуіне аудан әкімшіліктерінің жауапты қызметкерлерінің тарапынан қысым көрсету, қорқыту сияқты әрекеттермен жұмыс істетпеуде деген пікірлерін білдірді. Алматы қаласының N6 сайлау округі бойынша ҚР парламенті депутаттығына үміткер Виталий Воронов: “ҚР Сайлау туралы Заңы мемлекеттік орган қызметкерлеріне үміткерлердің үгіт-насихаттық жұмыстарына араласуға тиым салатындығына қарамастан, Түркісіб аудандық әкімшілік қызметкерлері қыркүйек айының 10 күні жарыққа шыққан “Турксибские вести” басылымының бірінші бетінде “Отан” партиясынан тіркелген үміткер Сергей Дьяченконы ашық түрде жарнамалап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр”, деді. Жариялану ақысы көрсетілмеген Сергей Дьяченконы ашық түрде жарналамаған материал “Южная столица” басылымының да бірініші бетінде де жарық көрген. Ол өзі сайлауға түсіп жатқан N6 округ бойынша сайлаушылардың тізімін жасаушы сайлау комиссиясының мүшелері тізім жасау барысында тұрғындардан “Отан” саяси партиясының үміткері Сергей Дьяченкоға дауыс беремін деп қол қойдырып алған тізімді көрсетті. Сондай-ақ Виталий Воронов қыркүйектің 14-і күні таңертең белгісіз топ N6 сайлау округінің аумағына менің ар—намысыма, маған жала жабатын сөздер жазылған парақшаларды кез-келген жерге жапсырып, көшеге шашып тастады. Бұл жағдайды Түркісіб аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлері көрсе де көрмегендей сыңай танытты дейді.

Осы орайда біздер Виталий Вороновтың жасаған мәлімдемесіне орай, Түркісіб ауданының әкімі Борис Малиновскийге хабарласқан едік. Хатшы қыз әкімнің жиналыс өткізіп жатқындығын айтып, 40 минуттан кейін хабарласуымызды ескертті. Межеленген уақытта телефон шалғанымызбен Борис Малиновский орнында болмай шықты. “Отан” партиясының үміткері Сергей Дьяченконы да таба алмадық.

Сәрсенбі күні түстен кейін N7-ші әл–Фараби округінен ҚР парламенті депутатығына кандидат Рамазан Есіркепов үміткерлер қатарынан шығатындығын мәлімдеді. Оның кандидатурасын қайтып алуына Ресейлік “Московский комсомолец” және “Известия” басылымдарында сайлау алды науқан барысында заңсыз үгіт-насихат жүргізді деген сипаттағы жалған материалдардың берілуі себеп болған. Рамазан Есіргепов:

“Мен қалай парламент депутаттығына үміткер ретінде тіркелдім солай мен басқаратын “Начнем с понеделника” басылымының қызметкерлері де түрлі қысымдарға ұшырай бастайды”, дейді.

Оның айтуына қарағанда, соңғы кездері газет редакциясы орналасқан ғимаратқа шұғыл түрде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, себепсізден телефон мен жарық сөндіріліп газет жұмыстарына айтарылықтай кедергілер келтірілген.

Рамазан Есіркепов: “Ғимарат әкімшілігімен арадағы келісім бойынша редакция арендаға алған бөлмелерді 2004 жылдың қараша айында босату керек болатын. Алайда ғимарат әкімшілігі бізден бөлмелерді қыркүйек айының 23-іне дейін бостауды талап етіп отыр” дейді. Ол мұның бәрін билік тарапынан жасалынып отырған қысым ретінде бағалап өз кандидатурасын қайтып алғандығы жария етті.

ҚР парламенті депутаттығына үміткерлер Виталий Воронов пен Рамазан Есіркеповтің жасаған мәлімдемелеріне орай, Тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің жетекшісі Дос Көшім былай дейді:

-Вороновқа қатысты әкімшілік тарапынан белгілі бір кандидатқа ерекше жағдай жасау ол заңсыз болып табылады. Себебі, үміткерлердің құқықтары бірдей, олардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жағдайлары заңмен реттелген. Жөндеуден өткізу бұрыннан орын алып келе жатқан қитұрқы әрекеттер. Рамазан Есіркепов билік маған қысым жасауда деп жалпылама мәлімдеме жасамас бұрын заңға жүгініп, заң арқылы бәрін дәлелдесе дұрыс болады.
XS
SM
MD
LG