Accessibility links

Өзбекстаннан 11 килограм байытылған уран Ресейге жеткізілді

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

АҚШ Энергетика Департаментінің хабарына қарағанда, Өзбекстаннан Ресейге 11 килограм байытылған уран отыны, оның ішінде ядролық қару жасауға қолданылатын бөлігі де бар, Ресейге қайтарылды. Өткен аптада АҚШ, Ресей, Өзбекстан тарапынан бір күндік құпия комиссия жасақталған болатын. Бұл қадамдар әлем бойынша ядролық қаруға пайдаланылатын заттарды азайтуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі ғана.

Арнайы түрде Құрама Штаттары, Ресей және Өзбекстан тарапынан құрылған құпия делегация қару жасауға пайдаланылуы мүмкін материалдарды, лаңкестер қолына түспес бұрын жою үшін құрылған болатын. АҚШ Энергетика Департаменті жанындағы Ядролық қаруларды таратпау бойынша қорғаныс әкімшілігі басшысының орынбасары Пол Лоңсворс бұл қадамдар жөнінде былай деген еді:

“Бұл-Халықаралық қауіпсіздік үшін аса маңызды қадам болып отыр. Лаңкестік ұйымдардың өте дамыған және өте жақсы ұйымдасқандығын 11-қыркүйек оқиғалары дәлелдеп берді. Содан бергі аралықта біз зұлымдық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін материалдарды қорғау және залалсыздандыру бағытындағы жұмыстарымызды күшейте түстік”-, деген еді талдаушы.

Өзбек астанасы Ташкенттен әлгі урандар екі арнайы контейнерлерге салынып, мықты қарауыл жағдайында Ресейдің Ульяновск аймағындағы Дмитровград зауыты ғимаратына жеткізілген болатын. Содан кейін ол материалдар ядролық қаруға пайдалануға жарамсыз деңгейге дейін жеткізіліп, қайта өңделетін болады. Ресейге көшірілген материал табиғи отын болатын. Ал, табиғи уран- лаңкестердің назарын өзіне көбірек бұратын дүние. Өзбекстан тарапынан жасалған өткен аптадағы қадамдар Әлем бойынша туындайтын Қауіпті азайтуға байланысты АҚШ-тың бастауындағы бастаманың тек бір парасы ғана. Өткен мамыр айында құрылған бұл ұйым ядролық қаруды таратуға қарсы әлемдік ұмтылыс нәтижесі болып отыр. Алдағы демалыс күндері Венада болатын басқосу барысында 70-тен аса елдерден келген өкілдер аталған ұйымның мақсаттары мен әдістері жөнінде пікір алысатын болады. Ядролық қаруларды таратпау ісі бойынша сарапшылар осы шараларды қызу қуаттай келіп, оны азаматтық мақсаттағы бағдарламалардан қару жасауға тырысатын күштермен әлем бойынша күрестің алғашқы кішкентай қадамы деп бағаласты.

Лоңсворс мырзаның айтуынша, тағы бір маңызды қадам- байытылған уранды қайта залалсыздандыруға қолдану үшін әлем бойынша реакторларды қайта жасақтап шығару. АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша, Өзбек өкіметі Ташкент сыртындағы зертханадағы реакторды дәл осылайша қайта құруға келісімін беріп отыр. Құрама Штаттары тарапынан қаржыландырылатын бұл үдеріс 2008-ші жылы аяқталмақшы. Қыркүйектің 18-19-ы күндері Әлем бойынша Қауіпті азайту бастамасы ұйымының Халықаралық әріптестік конференциясы өтетін болады. Лоңсворс мырзаның айтуынша, реакторларды осылайша қайта жасақтау ісі аталған конференцияның күн тәртібіндегі басты сауалдардың бірі болмақшы.
XS
SM
MD
LG