Accessibility links

Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі ел астанасы - Әр-Риадта британ азаматын атып өлтірген қастандық бойынша 3 күдіктіні ұстады


Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі ел астанасы - Әр-Риадта британ азаматын атып өлтірген қастандық бойынша 3 күдіктіні ұстады. Министрліктің хабарлауынша, британдық азаматты Әр-Риадтың сауда орталығындағы автотұрақта атып өлтіріп кеткен. Ол Саудия астанасындағы телекоммуникациялық компанияда қызмет істеген көрінеді. Сауд Арабиясындағы ағылшын елдшісі Шепард Купер-Коулс: “Бұл қастандық Ұлы Британияның терроризмге қарсы күресін күшейте түседі”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG