Accessibility links

Баспасөзге шолу. 09-16-2004


Бейсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдарда Еуразиялық-өнеркәсіптік қауымдастықтың қожайыны Александр Машкевичтің қалай байығандығы және АИСТ блогының басшысы Азат Перуашов басқаратын партияны, Александр Машкевичтің қаржыландырып отырғандығы баяндалыпты. Сонымен қатар Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі болып саналатын “Казкомерецбанк” төңірегінде айтылып жатқан әңгімелер де, бейсенбі күні жарық көрген көрген мерзімді басылымдардың, баса назар аударған негізгі тақырыбына айналыпты.

“Егемен Қазақстан” басылымының бейсенбілік санында жарық көрген “Алданған сайлаушылар наразылығы” атты мақалада сейсенбі күні, тоқсаныншы жылдардың басында жүргізілген жекешелендеру кезінде алданып қалған салымшылар мен “Аист” блогын жақтаушылардың Алматыдағы “Казкоммерцбанк” бөлімшесінің алдына жиналып, наразылық жиынын өткізгендігі хабарланыпты. Жиналған топтың алдында АИСТ блогының басшылары Роман Мажинов пен мен Азат Перуашов сөз сөйлеген.

Егер де “Егемен Қазақстан” басылымы АИСТ блогың қолдайтындардың Алматыдағы “Казкоммерцбанк” бөлімшесінің алдына жиналып, наразылық жиынын өткізгендігін хабарласа, “Жас алаш” басылымында жарық көрген мақаласында, журналист Жанарбек Әшімжан, “АИСТ” блогы басшыларының бірі Азат Перуашовты сынға алыпты. Мақала авторы, қалың қазақты нәпақасынан айырып, Парламентті тізеге басып отырып ”Жер туралы Кодексті” қабылдатқан да, осы Аграрлық және Азаматтық партиялар” екендігіне айрықша тоқталыпты. Газет тілшісінің айтуынша, Азаматтық партияның артында Еуразиялық-өнеркәсіптік қауымдастықтың қожайыны Александр Машкевич тұр.

Ал, “АИСТ” блогы басшыларының бірі Азат Перуашов “Экспресс К” газетінің бейсенбілік санына берген көлемді сұхбатында, “Ақ жол” партиясы мен оның басшыларын сынға алыпты. Азат Перуашовтың айтуынша, “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаевтың ықпалы сезілетін “Жас Алаш” газеті оны ылғи да сынға алуды дәстүрге айналдырған.

“Время” газеті болса, “Қазақстанның қожайыны кім” деген тақырыппен көлемді мақала жариялап, “Зкспресс К” газетінің Александр Машкевичтің иелігіндегі басылым болып табылатындығын хабарлапты. Газеттің 6 бетінде жарық көрген Виктор Верктің мақаласында Еуразиялық-өнеркәсіптік қауымдастықтың қожайыны Александр Машкевичтің Қазақстанға келіп қалай байығандығының тарихы егжей-тегжейлі баяндалыпты. Виктор Верк Қазақстан байлығының үштен біріне Еуразиялық-өнеркәсіптік қауымдастықтың қожайыны Александр Машкевич иелік етеді дегенді айта келіп, Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов және Александр Машкевичтің Ақсу ферма қорыту зауытының, Дондағы тау-кен өндіру комбинатының, “Феррохпром” және Қазақстан аллюминиі” акционерлік қоғамының, Павлодар алюминий зауытының, Торғай боксит рудаөндірубасқармасының, Кергетас руднигіндегі Қызылоктябрь рудаөндіру басқармасының және тағы да басқа Қазақстандағы ең ірі 6 өндіріс мекемесі мен “Экспресс К” мен “Суббота” басылымдарының қожайындары болып табылатындығын тілге тиек етіпті. Мақалада мысалға келтірілген Батыс басылымдарының деректеріне жүгінсек, арам ақшаны заңдастырды деген күдікпен Шодиев, Ибрагимов және Машкевич тобынан тұратын үштікке қатысты Белгияның құқық қорғау орындары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай ақ Виктор Верктің мақаласында ресейлік “Независмая газетаға” сілтеме жасалыныпты. Аталмыш сілтемеде “Независимая газетаға” берген сұхбатында, бұл тергеу жұмысына қатысы бар бір маман, бұл үштіктің біреуі “Шодиевтің, бельгиялық тергеу орындарының сұрақтарына жауап бере бастағандығын және оның шет елдегі есеп-шотының тұтқынға алынғандығын хабарлапты.

“Айқын” газеті болса, өз оқырмандарын Ресейдің “Национальный банковский журнал” басылымының “Қазақстанның ең ірі банкісінің бірі “Казкомерцбанктің” басына қара бұлт үйіріліп тұрғандығы туралы мәлімет жариялағандығынан хабардар етіпті. Аталмыш басылымның хабарлауынша, “Казкомерцбанк” банкроттық жағдайдың алдында тұр. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, жаз айында “Казкомерцбанкке” 4 миллиард теңге салықтан жалтарған деген сыңайдағы айып тағылған.

“Айқын” басылымы сонымен қатар, бұл деректің соңына сарапшы, кезінде Қазақстан Республикасы ұлттық банкісінің төрағасы болған Ғалым Байназаровтың түсініктемесін беріпті. Ғалым Байназаровтың айтуынша, бұл біреулердің ұйымдастыруымен істеліп отырған арандатушылық әрекет болуы ықтимал.

“Мегаполис” және “Время” газеттерінде, осы орын алып отырған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің мәлімдемесі жарық көріпті. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің хабарлауынша, соңғы уақыттардағы “Казкомрецбанктің ” банкротқа ұшыруы мүмкіндігі туралы таратылған мәліметтер шындыққа сәйкеспейді. Қазақстан Республикасы ұлттық банкісінің мәлімдеуінше, салық тексересіне қатысты “Казкомрецбанкте” жүргізілген жұмыстар банктың экономикалық ахуалына да, оның қаржылық жағдайына да әсерін тигізбейді. Сол себептен де Қазақстан Республикасының ұлттық банкісі салымшыларды әр түрлі арандатушылық әрекеттерге сенбеуге шақырыпты.

“Мегаполис” газетінің 16 қыркүйек күнгі санында сондай-ақ, “Казкоммерцбанк” басшылығының “Экспресс К” газетінде жарық көрген материалдарды теріске шығаруын талап етіп хат редакцияға хат жолдағандығы хабарланыпты. “Казкоммерцбанк” басшылығының айтуынша, “Экспресс К” газетіндегі «Казкомрецбанкке” қатысты айтылған ақпарлардың барлығы да шындыққа сәйкес келмейді. “Казкомрецбанктің” атқарушы директоры Айдар Ахметовтың айтуынша, ресейлік “Национальный банковский журнал” басылымындағы мақала белгісіз біреулердің тапсырысымен жазылған.
XS
SM
MD
LG