Accessibility links

Қытайдың билік басындағы коммунистік партияның орталық комитетіндегі 198 мүшесі Бейжінде жабық есік үлгісінде кездесу бастады


4 күндік кездесуде коммунистік партияның басқаруын жақсарту туралы сөз болады. Коммунистік лидерлер партия мүшелерін тәртіпті күшейтуге және қоғамдық сұраныстарға көңіл бөлуге шақырды. Қытай шенеуніктері елдің бұрыңғы басшысы Қытайдың қарулы күштерін басқаратын комиссия төрағасы Дзянь Земинге қысым көрсетіліп жатыр деген ақпар бойынша түсініктеме беруден бас тартты. Кездесу нәтижесі жиналыс аяқталмайынша белгілі болмайды. Бұл Қытайдың билік басындағы коммунистік партияда ондаған жылдар бойы қалыптасқан құпия сақтау дәстүріне байланысты.
XS
SM
MD
LG