Accessibility links

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының президенттері Астанада өтіп жатқан 38-інші самитте Ресейдің лаңкестікке қарсы күресіне бір ауыздан қолдау білдіртетіндігін айтты


. Президенттер лаңкестіктің тарауына тек біріккен әрекеттер төтеп бере алады деген пікірлерін білдіртіп, Ресейдің лаңкестікке қарсы күресіне қолдау білдіртетін құжатқа қол қойды. Астанада өтіп жатқан 38-інші самитте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесін ұйымдастыруды ұсынды. Оның құрамында сыртқы істер міністрлері, қорғаныс міністрлері, шекара қызметтерінің жетекшілері және құқыққорғау органдары болады, - деді Қазақстан президенті. Осының алдында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының президенттері Ресей президенті Владимир Путинді Украина президенті Леонид Кучманың орнына ұйымның төрағасы етіп тағайындады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымына 3 Балтық елінен басқа бұрыңғы Кеңес одағы құрамындағы барлық мемлекеттер кіреді.
XS
SM
MD
LG