Accessibility links

АҚШ Мемлекеттік департаменті әлем бойынша Діни бостандық жайы жөніндегі өзінің жыл сайынғы баяндамасын жариялады

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Әлем бойынша Діни бостандықтың сақталуы жөніндегі өзінің жылдық баяндамасын АҚШ мемлекеттік департаменті жариялады. Ондай елдер тізімі қатарына департамент өкілдері сегіз ел өкіметін енгізіп отыр. Айрықша мазасыздық туындатып отырған елдер” деп аталатын тізім ішіне алғаш рет АҚШ-тың лаңкестік әрекеттерге қарсы күрестегі ең жақын одақтасы- Сауд Арабиясы енгізілген.

Сәрсенбі күні жарияланған Мемлекеттік департаменттің жылдық баяндамасында әлем бойынша діни бостандық талаптарына айрықша қысым көрсетуші ел ретінде сегіз өкімет аталған. Сауд Арабиясы бұл тізімде алғаш рет бой көрсетіп отыр. Ал, “Айрықша мазасыздық туындатып отырған елдер” атты тізімге енген басқа жеті мемлекет- Иран, Бирма, Қытай, Еритерия, Солтүстік Корея, Судан және Вьетнам болып отыр. Бұл елдерге қарсы Құрама Штаттары тарапынан санкциялар жасалуы мүмкін. Тізімдегі ешқандай елге қарсы осы сала бойынша бұған дейін жазалау шаралары қолданылған емес. Ирақ елі болса аталған тізімде бұған дейін болып келген-ді. Аталған баяндамада Сауд Арабиясы заңдарында діни бостандықты тану, танымау жөнінде ешнарсе айтылмаған, делінген. Сүнні мұсылмандары еместерге байланысты діни полиция тарапынан қойылған тәртіп- тым қатал. Әсіресе бұл елдегі шии мұсылмандарының жайы айрықша түрде баяндамада көрсетілген. Мұсылман еместер Сауд Арабиясы азаматы бола алмайтындықтан басқа діни азшылық өкілдері де қысым көріп отыр, делінген баяндамада.

Халықаралық Діни бостандық бойынша негізгі елші Джон Ханфордтың айтуынша, Сауд Арабиясында бұған дейін қол жеткізілген ілгерілеушіліктер және діни экстремистерге қарсы күрестегі Американың оған деген айрықша сыйластығына қарамастан бұл ел аталған тізімге енгізіліп отыр. Елшінің айтуынша, осы елде және Солтүстік Кореяда діни бостандық деген жоқ. Алайда осы екі елдегі діни саладағы қысымшылық түрлі сипаттарда жүргізілуде.

Осылай дей келіп елші мырза Солтүстік Кореядағы жағдай жөнінде былай дейді:

“Солтүстік Кореяда әлем бойынша діни көзқарасы үшін жазаланғандардың ең үлкен түрмесі орналасқан. Онда адамдар азапталып, қамауға алынып, аштықтан өлім құшып жатады”-, дейді Ханфорд мырза.

Баяндамада сондай-ақ Қытай елінің Тибет буддашылары мен мұсылмандарға, християндарға және Фалуң Гоң атты рухани топқа қысым көрсетуде екендігі жазылған. Ал, Иранда сүнні мұсылмандары, бахайстер, еврейлер, християндар және мандендерге қарсы қысым жүргізілуде екен. Суданда мұсылман еместерге қарсы, ал Бирмада буддашылар, християндар және мұсылмандарға қарсы, Еритерияда болса төрт діннен өзге діндерге қарсы бағытталған шаралар жүргізілуде. Вьетнамда болса 45-тей адам діни сенімдері үшін, оның ішінде християндар мен буддашылар да бар, түрмеге жабылған.

Осы баяндаманы жариялай отырып Құрама Штаттары басқа да елдерде діни төзімділіктің қабылдануына ықпал жасайды, деп сенетіндігін Мемлекеттік хатшы Колин Пауел айтты. “Осы сауалдарға айрықша назар аудара отырып, аталған баяндама, бұл істе ешқандай қысымды қолданбай, өздерінің ар-ождандарына сүйенгісі келетіндерді Американың қолдайтындығы көрсетіп отыр”-, деді Мемлекеттік хатшы.
XS
SM
MD
LG