Accessibility links

БҰҰ-ң жаңа баяндамасында ғаламдық кедейлікпен күрес шараларының белгіленген мерзімі- 2015 жылға қарай орындаларына күмән келтіріледі


БҰҰ-ң жаңа хабарламасында соңғы онжылдықта денсаулыққа деген қамқорлықты жақсарту және әйелдер құқықтарын жетілдіру тұрғысында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кедейлікпен күрес саласында аздаған болса да ілгерілеушілік бар деп атап көрсетілген. Дегенмен де БҰҰ-ң аталған құжатында ресми орындалу мерзімі 2015 жыл деп көрсетілген мақсатқа жету үшін қаржының тапшылығы мен білім жетіспеушілігі қол байлау болуда делінген.

Хабарламада әлемдік кедейлікпен күрес шаралары- бала тууын шектеуге қарсы күрес және әйелдер құқығының сақталуын жақсарту жолымен жүзеге асырылады деп жазылған. 1994 жылы Каирде өткен конференцияда отбасын жоспарлау және денсаулықты жақсарту шаралары арқылы кедейлікке қарсы күрес жоспарының орындалуында біршама нақты табыстар болды делінген хабарламада. Алайда бұл аз, 20 жылдық жоспар жүзеге асып, мақсатқа жету үшін милионадаған қыруар қаржы қажет екен. Осы баяндаманың редакторы Уиллям Рaян Азаттық радиосына былай дейді:

-Каир конференциясында мемлекеттер 2004 жылға дейін бұл мақсатқа жылына 18 миллиард доллар жұмсаймыз және халықаралық қауымдастық оның үштен бірін дамушы елдерге қолдау ретінде береміз деп келіскен болатын. Шамамен жылына 6 миллиард доллар қажет, алайда көмек қолын созушылар қазір бұл соманың тең жартысын ғана беріп отыр. Міне сондықтан да біз бұл дағдарыс жоспарын жүзеге асыруда қиындықтарға кездесіп отырмыз.

Раян сондай-ақ бұл жоспар орындалу үшін елдер өздеріндегі денсаулық және құқық мәселелеріне деген көзқарастарын анағұрлым жақсарта түсуі керек деп атап көрсетеді. Құжатта Каир жоспарын қабылдаған 179 мемлекеттің 90 проценті ана болудың қауіпсіздігі мен отбасын жоспарлау мәселелерін денсаулық сақтау жүйесінде біріктіріп қарастыратындығы айтылған. Бұл ретте кейінгі жылдарда бала тууды жоспарлаудың қазірі заманғы әдіс-тәсілдерін дамушы елдердің көптеген жас отбасылары кеңінен қолдана бастағаны байқалады. Алайда, деп атап көрсетіледі, хабарламада әлем бойынша 350 миллион жұптың әлі күнге отбасын дұрыс жоспарлау мүмкіндігі жоқ және 530 миллион әйел жыл сайын бала туу кезінде немесе одан кейінгі кезеңде денсаулығынан айрылғандықтан қайтыс болып кетеді екен. Раян бұл тұрғыда әсіресе Орта Азияда жағдайдың өте күрделі екендігін тілге тиек етеді.

-Орта Азияның кейбір елдерінде ана өлімінің көрсеткіші жоғары күйінде қалып отыр. Бұған шұғыл түрде назар аудармаса болмайды, бұндай күрделі жағдай Африка мен Оңтүстік Азияның ең кедей елдерінде де орын алуда. Ең алдымен әйел-аналардың сауатын ашып, оларға босанатын кезде көмектесетін дәрігерлердің білімін көтеру қажет,-деген ол.

Мұнымен бірге хабарламада Орта Азия елдері ішінде Қазақстанның ана өлімі көрсеткішінен біріншілікті ұстап тұрғаны айтылады. Ал әрбір жаңа туған 100 мың нәрестеге шаққанда 210 ана өліміне жол берілетін Қырғызстан бұл ретте екінші орында екен. Бұдан кейінгі орындар Тәжікстан мен Түркменстан, Өзбекстан елдерінің еншісінде. Ал ТМД елдерін салыстырып қарағанда, олардың арасында Азербайжан мемлекетінде ана өлімі көп ұшырасады екен. Бұл көрсеткіш бойынша мұнан кейінгі орындарда Ресей мен Армения келеді. Сондай-ақ әлем елдерінің ішінде ана өліміне көп жол берілетін елдер қатарында Ауғанстан мен Ирақ та бар.

БҰҰ-ң бұл хабарламасында сонымен қатар иммунитет жетіспеушілігі ВИЧ/СПИД дертін жаңадан жұқтырғандар саны 2003 жылы 5 миллионға жеткені айтылған. Олардың тең жартысы әйелдер екен. Соңғы 20 жылдың ішінде әлемде шамамен 38 миллион адам бұл індетке шалдықса, олардың 20 миллиондайы осы індет құрбаны болып үлгеріпті.

Сөз соңында БҰҰ-ң хабарламасында осындай мысалдар мен деректер келітітіле отырып, бұдан 10 жыл бұрын Каир конференциясында қабылданған және БҰҰ-ң 2000 жылғы Мыңжылдық кездесуінде алға қойылған кедейлікпен күрес жоспарының мақсаттары толық орындалуы күмәнді деген ескерту жасалған.
XS
SM
MD
LG