Accessibility links

АҚШ қару инспекциясы Ирақ баяндамасын жарияламақ


АҚШ қару инспекциясы Ирақтың жойқын қару бағдарламасын зерттеп, инспекция бастығы Чарльз Дюлфер баяндама жобасын әзірледі. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауына қарағанда, Саддам Хұсейн үкіметінде ешқандай жойқын қару қоры болмаған деп айтылады. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымының шектеулері алынса Саддамның үкіметі жойқын қару бағдарламасын жандандырмақ болды, ол жайында дәлел бар деп айтылады баяндама жобасында. АҚШ бастаған бірлестік 2003 жылдың наурыз айында Ираққа кірген кезде Саддамның үкіметі тек аздаған зерттеуді жүргізіп отырды, химиялық және биологиялық қару бағдарламаларын қане іске асырып отырды делінеді. Чарльз Дюлфердің баяндамасы енді бірнеше аптадан кейін жарияланбақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG