Accessibility links

Иран уран байытуды тоқтата тұруы мүмкін


Халықаралық атом энергетика агенттігінің Венада өтіп жатқан мәжілісінде Иран делегациясының бастығы Хұсейн Моусавян уран байытуды әлі де болса тоқтата тұру мәселесін жақын арада шешеміз деп айтты. Бұл жағдай 2-3 күнде анықталады, деді Хұсейн Моусавян. Иран уран байытуды 2003 жылы қазанда Халықаралық атом энергетика агенттігінің тексеруі басталғанда тоқтатқан болатын.

Ал Иранның күдікті ядролық бағдарламасын тоқтату мәселесінде Америка Құрама Штаттары Британия, Франция және Германиямен мұның алдында тіл табысқан болатын. Төрт мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысы арқылы Иранның уран байыту қызметін тоқтатпақ. Иран үкіметі АҚШ-тың мәлімдемелерін жоққа шығарып келеді, ядролық қызметіміз тек бейбіт мақсатты көздейді деп айтады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG