Accessibility links

"Оңшыл күштер одағы" Путинның ұсынысын қатты сынады


Ресейдің жетекші демократиялық партиясы "Оңшыл күштер одағы" президент Владимир Путинның террорлық шабуылдардан соң орталық үкіметтің билігін күшейтемін деген дүйсенбілік ұсынысын сынады. Путин кіргізген ұсыныстар конституцияға қайшы деді партия төрағасы Борис Немцов:

- Шын мәнінде бұл мемлекет құрылымын өзгерту және халыққа сездірмей конституциялық төңкеріс жасау. Конституцияның бірінші бабына назар аударыңыздар, онда Ресей федералды мемлекет деп жазылған. Егерде губернаторлар сайланбай, тағайындалатын болса Ресей федералды мемлекет болмай қалады.

Путин террорлық шабуылдарды дара билігін күшейтуге сылтау қылып отыр деді Немцов. Совет Одағының соңғы көсемі Михаил Горбачевте Путинның қазіргі қимылдарын сынады, террорлық шабуылдар Ресей әскерінің Шешенстандағы соғысынан шығып отыр, деді Горбачев.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG