Accessibility links

Электронды дауыс беру жүйесінің қорытындысы бойынша президенттік «Отан» партиясы алға шықты

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлаудың электронды дауыс беру жүйесінің қорытындысы бойынша, саяси партиялардың тізімімен 42,72 % президенттік «Отан» партиясы алға шықты. Екінші орында Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева жетекшілік ететін «Асар» партиясы 19,24 прцент қол жинаған. Үшінші орында Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы иеленді. Олар 16,12% пайыз дауыс алған. Ал төртінші орында Аграрлық Қазақстан мен Азаматтық партиясының бірлескен АИСТ блогы тұр. Олардың жинаған даусы 8, 37 пайызды құрайды. Бесінші орында Коммунистік және Қазақстанның демократиялық таңдауы оппозициялық блогы. Олардың электронды дауыс беру жүйесі арқылы жинағаны 6,21 пайыз. Қалған бес саяси партия үш пайыздан төмен алған. Саяси партияның тізімімен Парламентке бару үшін сайлау заңына сәйкес, кем дегенде жеті пайыздан жоғары дауыс алу қажет.

Ал жеке округтар бойынша депутаттыққа түскен үміткерлерден, Астана қаласының нөмірі бірінші сайлау округінен «Отан» партиясының мүшесі Бекен Әлімжанов 48, 68 пайызбен алға шықты. Екінші сайлау округінен «Отан» партиясының мүшесі Төлеген Мұхаммеджанов бірінші орынды иеленген. Алматы қаласының төртінші сайлау округінен АИСТ блогынан Сергей Бояркин алда тұр. Алматы қаласы бойынша бесінші сайлау округінен өз-өзін ұсынған Тұрарбек Асанов электронды дауыс беру жүйесі бойынша жеңіп шыққан. Алтыншы сайлау округінен «Отан» саяси партиясының мүшесі Сергей Дьяченко 42 пайызбен бірінші орынды иеленген. Алматы қаласының жетінші сайлау округінен «Ақ жол» саяси партиясының тең төрағасы Ораз Жандосов 36,21 пайызбен бірінші орында тұр. Ақмола облысының 8-ші сайлау округі бойынша Арман Шұраев алға шықты. Ол «Асар» партиясының мүшесі. Талдықорған қаласынан нөмірі 18- ші сайлау округінен Парламент Мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымов 51,46 пайызбен жеңіп шыққан. Солтүсік Қазақстан облысы бойынша нөмірі 55 –ші сайлау округінен АИСТ блогынан Иван Чиркалин бірінші орында тұр. Қарағанды облысы бойынша бірінші орында АИСТ блогынан 49, 62 процентпен Қазақстан Парламентті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінеккеев тұр. Павлодар облысының нөмірі 52 сайлау округінен өзін өзі ұсынған Владимир Бобров бірінші орынды алған. Осы сайлау округінен оппозициялық блоктан Петр Свойк пен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікбай Әлібаевтар да түскен болатын. Оңтүсік Қазақстан облысының нөмірі 58-ші сайлау окгругінен «Ақ жол» партиясының мүшесі Амалбек Тшанов бірінші орында келеді. Нөмірі 30-шы Жамбыл облысының сайлау округінен АИСТ блогының мүшесі Жазбек Әбдиев алға шыққан. Қызылорда облысының нөмірі 44-ші сайлау округінен электронды дауыс беру бойынша 37,81 пайызбен ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жеңді. Электронды дауыс беру жүйесі бойынша жалпы қорытынды осы. «Сайлау» ақпараттық автоматтандырылған жүйесі республиканың 969 сайлау учаскесінде өткен.

Электронды дауыс беру жүйейсінің қорытындысы қыркүйктің 20 күні түнгі сағат бірде белгілі болды. Ал Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева дауыс беру аяқтала салысымен кешкі сағат сегіз жарымда қорытындысы комьютердің алдында шығып тұрады деген болатын. Жалпы электронды сайлау жүйесімен 969 сайлау учаскесіндегі екі миллионға жуық сайлаушының 353,730 ғана дауыс берген. Бұл 18,28 пайызды құрайды. Айта кету керек аймақтардағы уақыт айырмашылығын есептегенде кешкі сағат онда дауыс беру аяқталған сәтте сайлаушылардың 16,87 пайызы электронды жүйемен дауыс берді деп көрсетілді. Бірақ бұл көрскеткіш түнгі сағат бірге дейін көтеріліп, 18,28 пайызға жетті. Тағы бір еске салатын жәйт бақылаушылардың айтуынша, Астана қаласының сайлау учаскелерінде түнгі сағат бірге дейін қағаз бюллетень саналмаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлауға 53,75 процент халық дауыс берген.
XS
SM
MD
LG