Accessibility links

Ресей президенті Владимир Путин жұма күні Батысты терроршылыққа байланысты екі жүзділік өлшемде айыптады


Президенттің мұндай мәлімдемесіне себепші болған нәрсенің біреуі, Батыстың Ресейді Шешешнстандық жікшілдермен келіссөздер жүргізуге шақырғандығы еді.

– Лаңкестік мәселесінде біз қос стандарттық жағдайға тап болдық. Терроршыларға келгенде, біздікі, олардікі деген түсінік пайда болды. Терроршы жендеттерге аяушылықпен қарайтындар әліде болса кездесіп тұрады, - деген президент Путин.

Бұл пікірді Владимир Путин Солтүстік Оссетияда болып өткен кепілдік тұтқын қайғылы уақиғаларынан кейін айтып отыр. Ол шабуыл кезінде Бесландағы мектепте 330дай оқушы бала, мұғалім және ата-ана қаза тапқан болатын.

Ал енді, Ресей БАҚ дарына шешен жауынгері Шамил Басаев жұма күні Бесландағы ол шабуылды мен ұйымдастырдым деп мойындаған.
XS
SM
MD
LG