Accessibility links

Өткен тәулікте Ирақ және АҚШ күштеріне қарсы бір неше жанкештілік болбы жаралыстары болды


Солтүстіктегі Кіркук қаласында Ирақ ұлттық күзеті кеңсесі алдында жұмыс іздеп келген азаматтар тұрған жерде жанпидашы көлік бомбысын жарды. Кемінде 20 адам қаза тапты. АҚШ әскерилері керуені Бағдадтағы негізгі ұшақжайға бара жатқан кезде көлік бомбысы жарылып, ирақ азаматы құрбан болап, АҚШтық 3 сарбаз жарақат алды. Бірер сағат араға салып тағы да келесі бір көлікте бомбы жарылып, ол жерде 2 американ әскері қаза тапты. Бұл арада, сенбі күні АҚШ президенті Буш Ирақ пен Ауғанстандағы сайлаулар қарсаңында ондай бомбы шабуылдары көбейе түсуі мүмкін деп ескертті.

-Лаңкестер ол екі елдегі ілгерілеу үдерісін тоқтатуға әрекеттенуде. Сондықтан сайлаулар алдынан жаңа шабуылдар жасалуы мүмкін. Бірақ бүкіл әлемге сендіре айтамын : Америка өз одақтастарымен бірге Ауған және Ирақ халқына берген өз уәделерін орындап шығады, деген АҚШ президенті.

Ал бұл арада сенбі күні Ал Жазира теледидары ирақтық қарулы топтың АҚШ-Түрік компаниясынан он қызметкерді кепілдік тұтқынға алғандықтарын бейне таспа көмегімен көрсеткен. Сондай-ақ, Ал-Жазира теледидары бетперделі қарулы топ алдында тұрған екі американдық және бір британиялық азаматты да бейне таспада көрсеткен. Қойылған шарттары орындалмаса олар өлтіріледі деп ескерту айтылған.
XS
SM
MD
LG