Accessibility links

Қазақстан Президенті сайлау демократиялық жағдайда ашық, әділ өтеді деген сенімде

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Астанадағы №2 сайлау учаскесіне келушілердің көпшілігі қағаз бюллетеньмен дауыс беруге ықыласты екендіктерін байқатты. Мұны осы учаскедегі сайлау комиссиясының мүшесі Қабыкен Закариянов мәлім етті. Электронды жүйемен дауыс берген сайлаушы Қайнижамал Оспанбекова аталған жүйені оңай, дейді. Ал, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева өзінің электронды дауыс беру тізімінде жоқ болып шыққанын айтып, оның себебін өзімнің ұзақ уақыт болмағанымнан шығар, деді. Сайлаушы Сәкен Жұбатов қағаз бюллетеньмен дауыс бергенін, бірақ кандидаттардың қай партиядан екенін жазбаған, қиындығы сол болды, дейді. Астанадағы №2 сайлау учаскесіне басқа сайлаушылармен қатар Қазақстан Президенті, Парламент Сенатының төрағасы, Үкімет басшысы келіп өз қалауларын білдіріп, электронды жүйемен дауыс берді. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл сайлаудың бірнеше өзгешелігі барын айтты. Біріншіден, «Сайлау туралы» заңның жаңа мәтінімен дауыс беріп жатырмыз. Бұл заң бойынша елде өтіп жатқан сайлау әділетті, ашық түрде жүргізілуі керек. Екінші мәселе - бұл сайлау партиялар туралы жаңа заңның жүйесінде жүріп жатыр. Осы заң төңірегінде көп әңгіме болды. Дегенмен ол заң партияларды топтастыруға және біраз халық қолдайтын партиялардың тууына мүмкіндік берді. Үшінші мәселе -электрондық сайлау елімізде тұңғыш жүргізіліп отыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті сайлау демократиялық жағдайда ашық, әділ өтеді деген сенімде. Президент сайлау халықтың үлкен қатысуымен өтіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол жаңа жүйемен дауыс беруден қорқатын ештеңе жоқ, деді. Электронды жүйемен дауыс берген Парламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев ұйымдастыру жағына көңілі толатынын айтты. Үкімет басшысы Даниял Ахметов электронды дауыс беру қиын болмағанын айтты. Ал, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің үлкен қызы Дариға Назарбаева электронды жүйемен дауыс бергенде өзінің басқа түймеге басам ба деп толқығанын, бірақ ажыратып бәрі дұрыс болғанын айтты. Дариға Назарбаеваға сізді болашақта Қазақстан Президенті болғысы келеді деп айтылып жүр, бұл қайдан шыққан сөз мұны қалай түсіндірер едіңіз деген журналистер тарапынан сайлаудан тыс сұрақ қойылды. Өз жауабында Дариға Назарбаева мен мұны қазіргі саяси технологияның бірі ғана деп түсінемін.Қазіргі қызметтегі президенттен басқа фигура жайында айту аңғалдық болар еді, деді.
XS
SM
MD
LG