Accessibility links

Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлаулар электрондық дауыс беру арқылы өткізілді


Оның барысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Отан партиясы 42,72 пайыз дауыс жинақтап, алда келеді. Екінші орында-19,24 пайыз дауыс жинақтаған Дариға Назарбаеваның Асар партиясы. Ақ жол демократиялық партиясы болса 16,12 пайыз көрсеткішпен үшінші келеді. Коммунистік және Қазақстанның демократиялық таңдауы одағы 6,21 пайыз дауысқа ие болып отыр. Елбасы бұл сайлауларды ашық та әділ болды, деп бағалады. Алайда, Еуропадағы қауіпсіздік және әріптестік ұйымы өкілдерінің айтуынша, сайлау алды науқанда Отан мен Асар партияларына баспасөз беттерінде кең орын берілген.
XS
SM
MD
LG