Accessibility links

“Иран елі байытылған уранға байланысты бағдарламасын тоқтатуы тиіс”, деген БҰҰ жанындағы Атом энергиялық агенттік талабын ресми Техран кері тойтарды


Елдің Жоғарғы ұлттық Қауіпсіздік кеңесі бас хатшысы Хассан Роухани сондай-ақ, егер осы мәселеге байланысты Иранға қарсы тиым жариялау сауалы БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік кеңесіне тапсырылған болса, ондай жағдайда атом энергиялық агенттік тексерушілерін елге жібермейтіндіктерін де айтып өтті. Сенбі күні халықаралық Атом энергиялық агенттігі байытылған уранға байланысты өз әрекеттерін тоқтатуға, сондай-ақ қарашаның 25-іне дейін сол бағдарламаларын толық түрде тексеруден өткізуге мүмкіндік беруге ресми Техранды шақырған қарарын қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG