Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева Парламент Мәжілісінің сайлауы тамаша өтті дейді

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлаудың алдын-ала қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясына соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, сегіз жарым миллион сайлаушының 56 пайызы дауыс берген. Ал жалпы алпыс жеті сайлау округінен қырық үміткер Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Ал қалған жиырма екі округте сайлау қайта өтеді. Алайда Зағипа Балиева әзірге олардың аты-жөндерін атаған жоқ. Ал саяси партиялардың ішінде төрт партия Парламент Мәжілісінен орын алады екен.

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева әзірге ол партиялардың да атын атамады. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің айтуларына қарағанда «Отан», «Асар», «Ақ жол» және АИСТ блогы алдында тұр.



Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан «Парламент Мәжілісінің сайлауын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтмақтастық ұйымының өкілдері халықаралық ұйымның талаптарына сай келмейтінін айтты. Бұған не айтасыз?, – деген сұрақтарына Зағипа Балиева «Олардан басқа не күтіп едіңдер, менің ойымша сайлау өте тамаша өтті. Оған өздерің куә болдыңдар. Бұқаралық ақпарат құралдары осы сайлаудағыдай бұрын жұмыс істеген емес»,– деп жауап берді.



Он бес миллион Қазақстан халқының сегіз жарым миллионы дауыс беру құқығына ие. Соңғы мәліметтер бойынша олардың 56 пайызы дауыс берген. Ал электронды дауыс беру жүйесімен 1 млн. 347 мың 82 сайлаушының 18 жарым пайызы ғана дауыс берген.
XS
SM
MD
LG