Accessibility links

Оңтүстік Кореяның Президенті Астанаға келді

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Қыркүйектің 18-19 күндері аралығында Қазақстан астанасына ресми сапармен келген Оңтүстік Кореяның Президенті Ро Му Хенмен өздерінің де Қазақстан сияқты ресми астанасын ауыстыруға ниетті екендіктерін жеткізді. Корея Президентінің айтуынша, астана ауыстыруда Қазақстаннан үйренетін тұстар көп. Екі мемлекет басшылары кездесу барысында Атом энергиясын бейбіт пайдалану жөніндегі келісімге келді. Аталған келісімшарт арқылы Оңтүстік Корея жыл сайын 1000 тоннаға жуық уран кенін елдеріне жөнелтеді.



Оңтүстік Корея Республикасының Президенті Ро Му Хеннің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Естеріңізде болса, өткен жылдың қараша айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүсік Корея еліне ресми сапармен барып қайтқан тұғын. Бұл жолғы Астанада өткен екі жақты кездесуде екі мемлекет басшылары бірнеше экономикалық және қауіпсіздік іс-шаралары жөніндегі келісімге қол қойды. Атап айтқанда Атом қуатын бейбіт мақсатта қолдану туралы келісімге, экономикалық және инвестиициялық ынтымақтастықты тереңдету және дамыту мақстатында сонымен қатар кәсіпкерлер арасындағы алмасуларды кеңейту және дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу жөнінде келісім-шартқа қол қойған.



Оңтүстік Кореяның президенті Ро Му Хеннің айтуынша, кореялық кәсіпкерлер Қазақстанға келіп, орта және шағын бизнесті дамытуға мол мүмкіндік тудыра алады.



Ал өз кезегінде Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Корея мемлекетімен энергетика және минералдық ресурстар саласындағы ынтмақтастыққа да қол жеткізгенін айтты. Бұл тұрғыдан келген кезде, Қазақстан Республикасы корей компанияларының Қазақстанның мұнай кен орындарын және минералдық ресурстарын игеруде бірігіп жұмыс істеуге, оның ішінде Корея мұнай консорциумының Каспий теңізіндегі кен орындарын игеруге қатысуына ниет білдірген. Қазақстан басшысының айтуына қарағанда екі мемлекет бүгінде жоғары қарым-қатынаста.



Ал сарапшы Әзімбай Ғалидың пікірінше, Оңтүстік Корея мен Қазақстанның қарым-қатынасын кез-келген салада дамытуға болады. Бірақ Корея мемлекетінің ішкі саяси мәселесінің күрделі екендігін айтады.



Сонымен қатар Әзімбай Ғали Қазақстанда өмір сүретін корей диаспорасының өзге ұлт өкілдеріне қарағанда өте ауқатты тұратындығын айтты. Ол сонымен қатар корея халқы Қазақстаның саяси өміріне де белсенді аралусға кіріскендіктерін айтады.



Оңтүсік корея Президенті мемлекет басшысына Қазақстан астанасын өзгеруте үлкен қадам жасағанын тілге тиек етіп. Олар өздерінің де ресми көне астанасын ауыстыруды қалайтындықтарын жеткізді.
XS
SM
MD
LG