Accessibility links

ОБСЕ-нің сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы Парламент Мәжілісіне сайлау ОБСЕ-нің және Еуропа Кеңесінің демократиялық сайлау өткізу туралы стандартына сәйкес келмеді деп мәлімдеді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжіліс депутаттығына сайлаудың барысын бақылау жасаған халықаралық бақылаушылардың бірқатары дүйсенбі күні өз мәлімдемелерін жариялады.

Алыс және шағын шет елдерден келген халықаралық бақылаушылар сайлаудың ұйымдастырылған деңгейде өткеніне баса назар аударды. Сондай-ақ. сайлау барысында кемшіліктердің де болғанын жария етті.

Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы 11 мемлекеттің бақылаушысы қыркүйектің 19-ы, сайлау күні Қазақстандағы 67 сайлау округының 63-інде өз міндетттерін атқарған. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің бақылаушылар миссиясының жетекшісі Владимир Рушайлоның айтуынша, сайлау барысы ұлттық заңдар талабына сәйкес өткен.

Алайда, даусы беру барысында жекелеген кемшіліктер болды. Көптеген сайлаушылар үшін электронды дауыс беру жүйесі күрделі болып шықты. Сайлаушылардың тізімі сапасыз жасалған болды. Депутаттыққа кандидаттар туралы ақпарат болмады. Бұл кемшіліктердің көпшілігі бақылау барысында жойылды, деді Владмир Рушайло.

Сондай-ақ ол уаскелер жабылған соң Достастық елдерінің бақылаушылары сайлаушылар дауысын санау барысына бақылау жасады, дауыс санау барысында өрескел заң бұзушылықтар байқалған жоқ ,деді. Ол достастық елдеріне қатысушы елдер бақылаушыларының пікірінше, Қазақстан Парламенті Мәжілісіне салау жалпы ұйымдасқан деңгейде өтті, деді.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы Достастық мемлекеттерінен 424 бақылаушыны тіркеген.

Ал, Украина Парламентінің халық депутаты Леонид Исаев сайлау барысында айтарлықтай кемшілік көрмедік, бірақ бір кемшілік болды.Ол тізімнің жасалуына байланысты, деді.

Ал, Италиядан келген бақылаушы Луиджи Риччио сайлау барысы өздерінің көңілінен шыққанын мәлімдеді. Кейбір учаскелерді аралағанда Қазақстан азаматтарының сайлауға аса құштарлықпен келіп жатқаны байқалды, деді.

Ал, ОБСЕ-ден бақылаушылар миссиясның жетекшсі Игорь Осташ бұл сайлауға 33 елден 300-де аса бақылаушы келгенін айтты. Олар дауыс беру және дауысты есептеуді бақылау қызметін атқарған.

Игорь Осташ парламент Мәжілісіне сайлауды бақылауда көп жағдайда ОБСЕ-нің және Еуропа Кеңесінің демократиялық сайлау өткізу туралы стандарттарына сәйкес келмеді деген қортындыға келдік, деді.

Сондай-ақ ол сайлауды өткізуге қатысты шешім қабылауда жариялылық болмағыны көрінді, деді.

Соған қарамастан өткен сайлауларға қарағанда бұл сайлауда жақсарулардың болғанын айта келе, Игорь Осташ электронды сайлау өткізуге дайындықтық жақсы болғанын айтты.

Теріс жағы мөлдірліктің болмауы, деді Игорь Осташ.

Ал, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының жетекшісі Тана де Зулуета сайлау ұйымдастырылған деңгейде өткенін айтты. Алайда, ол оппозициялық партиялар электоратқа өз мәлімдемелерін жеткізуде қиындықтарды бастан кешірді деп есептейміз деді. Сондай-ақ ол бұқаралық ақпарат құралдарына монторинг жүргізгендерін олардың арасында пікірлердің президенттік партиялардың пайдасына болғанын байқадық. Ешбір журналист қудалауға ұшыраған жоқ. Ешбір басылым жабылған жоқ, деді. Халықаралық бақылаушылар түпкілікті есептерін сайлаудан соң бір айдан кейін жария етеміз деп отыр.
XS
SM
MD
LG