Accessibility links

Cайлаудың қалай өткендігі жөнінде бейресми ұйымдар мен тәуелсіз сарапшылар өз пікірлерін білдіре бастады


Жексенбі күні Қазақстанда өткен Парламент сайлауы жөнінде Қазақстанның тәуелсіз бақылаушылар жүйесі, Exit-Poll жүйесі бойынша Қазақстанның көптеген сайлау округтерінде сайлаушылар арасында сауалнама өткізген бейресми ұйымдар және де кейбір тәуелсіз сарапшылар өз пікірлерін білдіре бастады.

Қазақстанның тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің президенті Дос Көшімнің айтуынша сайлау кезінде түрлі заң бұзушылықтарға жол берілді. Ең маңыздысы ол сайлау туралы заңға қайшы келетін келеңсіздіктердің орын алғандығы дейді ол. Мысалы осы жолғы сайлау барысында тәуелсіз бақылаушылардың құқықтары бұзылған. Өйткені оларға сайлау протоколдары таныстырылмаған мен қоймай қағаз бюлетендерді санауға олар жіберілмеді дейді Дос Көшім.

Сайлау учаскелерінде қағаз бюллетень арқылы және электронды дауыс беру арқылы яғни аралас дауыс беру көптеген қиыншылықтар туғызған. Әсіресе көптеген сайлау учаскелерінде дәл сайлау болатын күні электронды дауыс беру жүйелері істемей қалған, программалар дұрыс болмаған секілді жағдайлар орын алды дейді ол. Тағы бір сорақы жағдай ол әртүрлі қитұрқы әдістермен қосымша тізімдердің пайда болғандығы, бұл ескі әдіс осы жолы да орын алды дейді ол.

Қазақстандық әлеуметік-экномикалық мәселелерді зерттеу және болжау институты жексенбі күні өткен сайлауда Exit-Poll жүйесі бойынша бүкіл Қазақстанның 14 сайлау округінде сауалнама жүргізген. Оған барлығы 122956 сайлаушы қатысыпты. Бұл сайлауға қатысушылардың 3 проценттейі дейді осы институттың президенті Сәбит Жүсіпов. Оның айтуынша көптеген сайлау учаскелерінде заң бұзушылық жағдайлар орын алған. Сауалнама жүргізуші адамдарды тәртіп сақшылары қуып таратпақ болған немесе олардың қолдарындағы сауалнама қағаздарын тартып алған секілді заңсыздықтарға жол беірліген. Саясаттанушы Сәбит Жүсіповтың айтуынша Exit-Poll қортындысы бойынша парламентке баратын партиялар арасынан оппозициялық блок Қазақстан коммунистері мен Қазақстанның Демократиялық Таңдауы блогі де орын алып отыр.

Сонымен барлығы 10 орынның төртеуі «Отан»-ға, екеуі «Асар»-ға екеуі «Ақ Жол»-ға ал «Аист» мен оппозициялық блокка бір бір орыннан тимек. Тәуелсіз сарапшылар Балташ Тұрсынбаев пен Әміржан Қосановта осы жолғы сайлаудың түрлі заң бұрмалаушылқтарға толы болғандығын айтып отыр. Әсіресе электронды дауыс беру жүйесіне халық, сайлаушылар дайын еместігі осы жолға сайлауда анық байқалды дейді Балташ Тұрсынбаев.
XS
SM
MD
LG