Accessibility links

Еуропалық сарапшылардың айтуынша жексенбі күні Қазақстанда болған Парламенттік сайлаулар халықаралық талаптарға сай болмады


Еуропадағы Қауіпсіздік пен ықпалдастық ұйымының Қазақстандағы өкілдік басшысы Ихор Осташ бұл жөнінде былай деді.

“Қыркүйектің 19-да Қазақстанда болған парламенттік сайлаулар Еуропадағы қауіпсіздік пен ықпалдастық ұйымы және Еуропа кеңесінің демократиялық сайлауларға қатысты талаптарына сай келмеді. Сайлауларды өткізуге байланысты маңызды шешімдерді қабылдау барысында айқындықтың жетіспеушілігі орын алды. Тіпті ол шешімдер уақтылы және тиімді тәсілмен хабарланып отырмады”,- деді Осташ мырза. Ел өкіметіндегі жалғыз ғана оппозициялық тұлға, Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев сайлаулардың әділ өткізілмегеніне наразылық ретінде қызметінен өз еркімен бас тартты. Сайлау қорытындыларының қашан әзір болатындығын хабарламай сайлау бөлімшелері өкілдері жұмыс күнін аяқтаған.
XS
SM
MD
LG