Accessibility links

Саяси партиялар сайлаудағы жеңістері және жеңілістері жайында мәлімдеді


«Отан» партиясы Парламент Мәжілісінен бір мандаттық және партиялық тізім бойынша 60 пайыз орынды иеленеміз деген сенімде. Бұл жайында «Отан» партиясы төрағасының орынбасарлары қыркүйектің 21-і күні Астанада мәлімдеді. Олар алдын-ала мәлімет бойынша «Отан» 30 округте жеңіске жетті деседі. Енді қайта сайлау болатын 22 окургтің 18 –інде өз кандидаттарының барын және 5 округ бойынша әлі күнге нақты мәліметтердің жоғын мәлімдеп отыр.

«Отан» партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияев жеңіске жетудің түп- тамыры партия бағдарламаларының халықтың көңілінен шыққаны деп есептейді. Өйткені, баста мақсат елдің тұрмысын жақсарту, билік бізге сол мақсатқа жету үшін керек, дейді.

Ал, «Отан» партиясы төрағасының тағы бір орынбасары, қазіргі Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай «Отан» партиясын Президенттің өзі қолдағандықтан, бұл да партияның жеңіске жетуіне өз септігін тигізді, дейді. Партия төрағасының тағы бір орынбасары Александр Павлов осы сайлау «Отан» партиясының Президенттің партиясы, халықтың көпшілігінің партиясы, шынайы саясаттың партиясы екенін көрсетті, деді. Амангелді Ермегияев бұл сайлау демократиялық қоғамның әлемдік стандарттардың негізгі өлшемдеріне сәйкес өтті деген пікірде.

Ал, ОБСЕ—нің сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының Парламент Мәжілісіне сайлау ОБСЕ-нің және Еуропа Кеңесінің демократиялық сайлау өткізу туралы стандарттарына сәйкес келмеді деген қортындысына байланысты Жармахан Тұяқбай тиісті түсініктеме берудің қиындығын айтты. Өйткені, қай бағытта, қандай мәселе екені жайында құжаттарын көрмедік, деді.

Аты-жөнін айтудан тартынған азамат «Азаттық» радиосына хабарласып мына жайтты айтқан болатын:

«Мұғалімдерге, дәрігерлерге «Отанға» дауыс беріңдер деген, ол жайында жазып беруге жұмыстарынан қорқады. Қазігі кезде жұмыссыздық жұртты тәуелді қылды», дейді тыңдарман.

«Отан» әкімшілік ресурстарды қолданды ма, бұған Жармахан Тұяқбай:

-

Әсіресе, жергілікті жерде баяғы үрдіспенен сайлауды өткізуге үйреніп қалған тиісті атқару билігінің өкілдері жеткілікті. Сондықтан кейбір жерде заң бұзушылық болуы керек. Түсіп жатқан көптеген арыздарға қарағанда.

Ал, Қазақстанның демократиялық партиясы партиялық тізіммен парламентке бару үшін сайлау заңына сәйкес жеті пайыздан жоғары дауыс жинай алмағандарына өкінбейтіндерін айтып, жолы болғандарды құттықтап отыр. Партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаев келешекте Парламент Мәжілісі сайлауын тек партиялық тізіммен өткізген дұрыс деген пікірді айтады. Бұл орайда өзін-өзі ұсынушы әне бір мандаттық округ бойынша сайлауға түсуді толықтай алып тастау қажет дейді.

Сондай-ақ ол сайлауда әкімшіліктің бұрынғыдай араласқысы келіп отыратыны белгілі болды дегенді айтып отыр.

Қазақстанның демократиялық партиясы өздерінің сайлауға қатысуын сайлау күресін күрделі етті деген пікірде.
XS
SM
MD
LG