Accessibility links

Оңтүстік Корея президенті Қазақстаннан Ресейге барды


Ресей президенті Владимир Путин бүгін Мәскеуде Оңтүстік Корея президенті Рох Муу-хыюнмен кездесті. Әңгіме негізінен тұйққа тірелген Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы жайында болды. Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ Солтүстік Кореяның күдікті ядролық бағдарламасын тоқтатуға күш салып жатқаны белгілі. Бұл елдер Солтүстік Кореяға қауіпсіздік кепілдемесін береміз және энергетика жағынан көмектесеміз дейді.

Оңтүстік Корея президенті Рох Муу-хыюн кеше Қазақстан сапарын аяқтаған. Қазақстан Оңтүстік Кореяға уран кеңін сатуға келісті, екі ел арасында мұнай саласында әріптестік келісілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG