Accessibility links

Мемо-98 ұйымының сарапшылары БАҚ-ы сайлау тақырыбын әділетті тұрғыда көрсетуге тырыспады дейді

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

ҚР парламенті мәжілісі депутаттарын сайлау барысындағы үгіт-насихат жұмыстарымен қатар, жалпы сайлау тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдары қандай деңгейде және қаншалықты әділ көрсете алды деген мәселеге орай тәуелсіз сарапшылар пікірлерін білдіре бастады. Халықаралық “Әділ сөз” сөз бостандығын қоғау қорының серіктестігімен Мемо-98 ұйымы бұл тұрғыдағы өздерінің зерттеу нәтижелерін жариялады. Олардың қорытындысы бойынша, Қазақстандық бірде-бір ақпарат құралы сайлау тақырыбын әділетті тұрғыда көрсетуге тырыспаған.

Қазақстандағы парламент мәжілісінің сайлау барысын көрсеткен бұқаралық ақпарат құралдарының ісінде сан түрлі бағытты ұстанушылық байқалды дейді Мемо-98 ұйымының өкілдері. 1998 жылы Словакияда тіркеліп, негізінен сайлаулар кезіндегі ақпарат құралдарының жұмысын бақылайтын Мемо-98 атты бұл халықаралық ұйым Қазақстанда өз жұмысын алғаш рет бастап отыр. Төрт мемлекеттік және төрт тәуелсіз басылымдар мен телеарналардың сайлау тақырыбын қалай қаузағанын өз әдістерімен зерделеген олар анық ала-құлалықтың қалыптасқанын айтады. Мемо-98 ұйымының зерттеу тобының жетекшісі Қарлығаш Тоқтыбаева мемлекеттік телеарна деп есептелетін Қазақстан арнасы “Отан” партиясы мен оның төрағасына 50 проценттік көрсеткіш деңгейіне дейін уақыт бөлді. Алайда оппозициялық партияларға аз уақыт арнады. Ал “Хабар” арнасы Асар партиясы мен оның төрайымын ғана көрсетумен болды дейді.

Сондай-ақ сайлау барысында тәуелсіз журналистердің де құқы бұзылған деректер тіркелген. “Әділ сөз” қорының төрайымы Тамара Қалеева Атыраудағы тәуелсіз “Ақ жайық” басылымының тілшісін сайлау комиссиясындағылар тарапынан зәбір көріп, ауруханаға түскенін айтады.

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың пікірінше, БАҚ-ын өте көп пайдаланған Асар партиясынан депутаттардың аз екені бұл мәселеде ақпарат құралдары ештеңкені шешпейтіндігін көрсетіп берді дейді.

Алайда “Әділ сөз” қорының сарапшысы Ғалия Әженова билік маңайындағы партиялардың ақпарат құралдарын көп пайдалануы өз нәтижесін бере бастады дейді.

Енді біз бұл мәселеге қатысты Алматы қаласының кейбір тұрғындарының да пікірлерін білген едік. Жалпы олардың бұл жөніндегі көзқарастары қайшылықты болды.

Сөйтіп, әлемнің бірнеше елінде зерттеу жүргізіп жүрген Мемо-98 ұйымының өкілдері сайлау барысындағы жарнамалардың азаматтарға тікелей әсері болатындығын айтады.
XS
SM
MD
LG