Accessibility links

Оралмандар Талдықорған қаласында рұқсат етілмеген митинг өткізді

  • Досан БАЙМОЛДА

2002 ші жылдың соңында Қытайдан Алматы облысының Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылына көшіп келген бір оралман отбасына қыркүйектің 20 сы күні түнде қарақшылық шабуыл жасалып, соның салдарынан 1965 жылы туған Қали Ерен қаза болып оның анасы пышақ жарақатынан жараланған. Алматы облыстық ішкі істер бас басқармасының аға инспекторы Көбейхан Нұрахмет болған оқиға жөнінде радиомызға мына жайтты хабарлады.

Қыркүйектің 20 сы күні түнде бетперде киген, қолдарында мылтық, пышақ бар екі адам оралман отбасы тұратын үйге қарақшылық шабуыл жасайды. Үйде отағасының шешесі мен әйелі болған, ал отағасы Қали Ерен сыртта қой күзетінде болыпты. Қарақшылар ақша талап етеді, үйдегілер үйде дайын тұрған 30 мың теңгені берсе де қарақшылар оны алымсынбай, доллар әкеліңдер деп әйелдерді ұрғылай бастайды. Үйдегі шуды естіген отағасы үйге жүгіріп келіп, қарақшылармен алыса түскенде қарақшының бірі оны атып жібереді, ал қарсылық білдірген анасын пышақтап қарақшылар тайып тұрған. Қәзір осы қылмыстық іске қатысы бар деп күдіктелген 4 адам ұсталғандығын Алматы облыстық ІІБас басқармасының аға инспекторы Көбейхан Нұрахмет хабарлады. Біз осы қайғылы оқиға болған Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылымен де хабарласқан едік.

Жалғызағаш ауылы әкімшілігінің бас маманы Ләззат Жаңбырбаеваның айтуынша Қали Ерен 2002 жылдың соңында Қытайдан осы ауылға 4 баласы, әйелі және кәрі шешесімен бірге көшіп келген. Ол келе мал жинап,өз тіршілігімен өз күнін көріп жүрген азамат еді, енді міне оның отбасы күтпеген ауыр қазаға ұшырады. Алайда бұл қастандық шабуылдың мақсаты ол оралмандарға қарсы қандай бір істің болуында емес бұл ақша іздеген ел тонаушы қарақшылардың іс әрекеті болмақ дейді ол. Осы оқиғаға байланысты сейсенбі күні 200 ге жуық оралмандар Талдықорған қаласының орталық алаңына жиналып, қылмыскерлерді тауып, жазаға тартуды талап еткен митинг өткізген.

Облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімі, облыстың прокуроры алаңда оралмандармен кездесіп оларды қаладағы мәдениет сарайына шақырып сонда ашық әңгіме өткізген. Бұл кездесуден соң оралмандар үй-үйдеріне тарап кеткен. Алматы облыстық көші-қон басқармасының бас маманы Құрметбек Сансызбайұлының айтуынша бүгінгі күні Алматы облысында 48 мың оралман тұрып жатыр. Ең көбі Өзбекстаннан келген оралмандар болмақ.
XS
SM
MD
LG