Accessibility links

Иран уран байытуды бастадық деді


Иран уран шикізатын газға айналдыру жұмысын бастадық деп мәлімдеді. 4 центрифугада 37 тонна уран шикізатын өңдей бастадық, деді Иран өкілі Голамреза Ағазаде. Біріккен Ұлттар Ұйымының Иран барлық ядролық қызметін тоқтатсын деген талабына ресми Тегеранның жауабы осындай болып тұр.

Ал Иран президенті Мохамад Хаттами де өз тарапынан күдікті ядролық бағдарламаларын жалғастыра беретіндерін мәлімдеді. Халықаралық атом энергетика агенттігі сенбі күні резолюция қабылдап, Иранды уран байытуды тоқтатуға шақырды. Байытылған уран ядролық қару жасауға жарамды. Иран ядролық қару өндіруге ұмтылып отыр деген АҚШ-тың сөзін ресми Тегеран жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG