Accessibility links

Табиғатта күтпеген ерекше құбылыстар болуы мүмкін бе?

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Кариб теңізі және АҚШтың оңтүстік, шығыс теңіз жағалауында соңғы күндері болып өткен дауыл, құйындар бұрын соңды сирек кездесетін шығындар алып келді.Бір ғана Гаити елінде 600 дей адам құрбан болды. Ал Жапонияда болған ол тайфун, даулдың рекордттың деңгейдегі алапат күшпен соққандығы тағы бар. Бұл не сонда, табиғаттағы кездейсоқтық жағдай ма, әлде заңды құбылыс па ? Жалпы, ондай құйынды дауылдар тропикалық аймақтарда азды-көпті болып тұратындығы табиғи құбылыс екендігі белгілі. Бірақ осы аптадағы дауылдардың соғуы ерекше болғандығын мамандардың өзі мойындапы отыр. Бірақ, олардың таңқалып отырғандығы, сол дауыл, құйын, тайфундардың жиілеп кетіп, олардың олардың орасан алапат күшпен соғып өткендігі болып отыр. Ондай табиғаттық өзгеріске нендей себептер түрткі болды екен. Ол жөнінде бірер дәлелді пікір бар ма? Соңғы кездері жиі айтылып жүрген себептің бірі - бүкіл әлемдік жылыну үдерісі болып тұр. Яғни парникті газдардың әуеге көп мөлшерде тарауы арқасында жалпы жылыну басталған. Ол ауа райына өз әсерін тигізуде деген пікір бар. Бұл жағдайдан пайдаланып, табиғаттық ол құбылысты кейбіреулер оны әсіре көпіртіп көрсетіп жатқан жоқ па екен ? Ондай жағдайлар да кездеседі. Мысалы, әлемге әйгілі Голливуд мұндайда алдына жансалмайды. Өзінің жақында ғана шығарған жаңа Бүрсігіні дейтін фильмінде жаппай табиғат қырғыны жөнінде Голливуд нелерді көрсетпейді дейсіз. Байқап отырғаныңыздай, соғып жатқан дауыл жөнінде метеерологтардың өзі жұртқа не айтарын білмейді. Мексикада шегара жабылған, Токиода тарихта болмаған дауыл соғуда, Нью Делиді қар қаптады, Нова Скотиядағы теңіз суы 8 метрге көтерілді, Лос Анжелесте құйындатып тұр, НььЙоркті су баса бастады, қашыңдар, жасырыныңдар, деген үрейлі айқайға толы ол жаңа кино.

Дегенмен, табиғаттың көрсеткен мінезін де жасыры алмайсың ғой. АҚШ пен Шағыс азияда болған ол құйында дауылдардың артынан не қалғандығын теле, радио, баспасөз хабарлары арқылы бүкіл алем танысты. Енді, мамандардың кей бір пікірлерін де тыңдап өтсек. Аустралиядағы ғылми өнеркәсіптік ұйымнан жетекші зерттуші Питер Манин, соңғы кездегі климаттық жағдайға байланысты мұндай құбылыстардың болып тұратындығы табиғи, дегенімен, мельбрундық зерттуеші, бүкіл әлемдік жылылану үдерісі кесірінен осындай болып тұр деуге әле ертерек, декен пікірді айтады. Біз қазір климаттық өзгерістің алғашқы сатысында тұрмыз. Оның әсері алдағы 20-50 жылда ғана байқалуы мүмкін, дейді Питер Манинс. Ал, Британиядағы метеорологиялық орталықтан сарапшы маман Джулиян Хемингтің айтуынша, әдетте теңіз, мұхиттарда болатын ол құйынды дауылдардың сулы аймақты басып өтіп, жұрт қоныстанатын аумақтарға дейін жетуі сирек құбылыс. -Биыл, Атлантикада бой көтерген 11тропикалык циклоннан алтауы ел жасайтын аймақтарға дейін жетті. Олардың бесеуі АҚШты, ал біреуі Карибия елін сарсаң-сергелдеңге салды, - дейді британиялық сарапшы.

Дегенмен, жер шарының жылына бастауын талдаушылар бір қатар құбылысқа негіз дегенді айтып келеді.

Мысалы, Арктикада, Антарктидадағы мұздардың ери бастауы, құстар, балықтардың Арктика аймағына жақындай түсуі бұған дәлелді мысал деуге келеді.

Соған қарамастан, ғалымдар әлемнінң жылылануы мен ауа райындағы мұндай ерекше құбылыстардың байланысын әлі де болса тереңірек зерттеп қорытынды айтқан жөн болар, дейді.
XS
SM
MD
LG