Accessibility links

Түркия оппозициясы Еуропа Одағының талабына сай қадамды талап етті


Түркияның бас оппозициялық партиясы парламентті қайта жиналып, қылмыстық кодекс реформасы жайында заңды 6 қазанға дейін қабылдауға шақырды. Әйтпеген жағдайда Түркияның Еуропа Одағына өту келіссөздері басталмай қалуы мүмкін, деп ескертті бүгін Республикандық халық партиясының төрағасы Деңіз Байқал. Бұл заң жобасы өткен аптада жарамай қалған, себебі оппозиция Түркия үкіметінің кейбір ұсыныстарын даулы деп тапты. Еуропа Одағының комиссиясы Түркияның Еуропа Одағына өтемін деген өтінішіне байланысты 6 қазанда соңғы баяндамасын жарияламақ.
XS
SM
MD
LG