Accessibility links

Оңтүстік Корея және Ресей ядролық технологиялардың таралуын тоқтатпақ


Оңтүстік Корея президенті Рох Муу-хыюн бүгін Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин келіссөз жүргізді. Әңгіме негізінен тұйққа тірелген Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы жайында болды. Журнаслистермен жүздескен Рох Муу-хыюн екі ел болып ядролық технологиялардың таралуына төтеп беруге келістік деді.

Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ Солтүстік Кореяның күдікті ядролық бағдарламасын тоқтатуға күш салып жатқаны белгілі. Бұл елдер Солтүстік Кореяға қауіпсіздік кепілдемесін береміз және энергетика жағынан көмектесеміз дейді. Рох Муу-хыюн президент Путинге осы алтыжақ келіссөзге салмақты үлес қосып жатырсыздар деп алғыс айтты.
XS
SM
MD
LG