Accessibility links

«Ақ жол» Қазақстан халқын шеруге шақырып отыр

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Орталық сайлау комиссиясының сайлау барысын өткізу ережесіне сәйкес, сайлау аяқталған күні түнгі сағат он екіден бастап, қырық сегіз сағаттың ішінде Орталық сайлау комиссиясы келіп түскен мәліметтерді жариялай бастауы керек. Бірақ сайлаудың өткеніне үш тәуліктей уақыт болса да, Орталық сайлау комиссиясы кейбір сайлау учаскелерінен сайлау қорытындысы туралы хаттамалар келіп түскен жоқтығын тілге тиек етіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Орталық сайлау комиссиясына жолатпай отыр.

Орталық сайлау комиссиясының бұл әрекетін заңгер Мұстақым Төлеев атқарушы билік заңның өзін билеп төстеп отыр деп бағалайды. «Сайлау заңының талаптарына қарама-қайшы. Қазақтарда «балық басынан шіриді» деп бекер айтпаған ғой.

Жергілікті учаскелік сайлау комиссиялары, аймақтық сайлау комиссиялары заң талаптарын бұрмалап, қасақана өздеріне тиісті қажетті тұлғаларды өткізем деп заң талаптарын өрескел бұзып, жол беріп отыр. Оны айтпаса да белгілі», – дейді Мұстақым Төлеев.



Ал Коммунистер партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин сайлау қорытындысы өздерінің ойлағандарындай шықпады. Халықтың даусын өзгертіп жатыр дейді. «Менің ойымша, қорытындысын жарияламай отырғаны ең бірінші қиындық «Отанға» 43 пайыз деп айтып қойды. Ол шықпай жатыр. Содан кейін біздің оппозициялық блоктың даусы әлде-қайда жоғары. Соны да өзгерте алмай жатыр. Осыларды өңдеу үшін күні-түні жұмыс істеп отыр», – дейді ол.



Астана қаласының нөмірі бірінші сайлау округінен депутаттыққа үміткер ретінде сайлауға түскен «Ақ жол» партиясының өкілі Әділхан Өмірбаев пен өзін-өзі ұсынған Александр Босых та өздерінің округтері бойынша, сайлау қорытындысы туралы хаттаманы әлі алмағандықтарын айтады.



Коммунистер партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, биліктің бәрі Орталық сайлау комиссиясының қолында тұрған жоқ. Оған жоғары жақтан қандай нұсқау келеді. Соны орындайды, – дейді Серікболсын Әбділдин.



Астана қаласының нөмірі бірінші сайлау округінен депутаттыққа үміткер болған азаматтар бірінші сайлау округіндегі сайлау қортындысын заңсыз деп табу жөнінде Бас прокуратураға арызданғанын айтып отыр. Олар енді Астана тұрғындарының қолын жинап, акция өткізуге дайындалып жатқандықтарын айтады. Сонымен қатар «Ақ жол» саяси партиясының өкілдері сайлаудың әділетсіз өткендігіне наразылықтарын білдіріп, қазанның екісі күні Қазақстан халқын шеруге шақырып отыр.



Алайда Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин «Ақ жол» партиясының қадамдарына күдікпен қарайтындығын айтады. «Менің ойымша «Ақ жол» екі түрлі жұмыс істеп отыр. Бір жағына билікке жағу үшін, екінші жағына халыққа жағу үшін. Егер олардың бұл мәлімдемелері шын мәнінде демократияық жол болса қолдаймын. Бірақ көптеген күдіктер туғызып отыр, сол «Ақ жолға» сену керек пе жоқ па деген, сол күдіктер менде де бар», – дейді Серікбослын Әбділдин.

Ал Парламенттегі «Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Қайролла Ережеповтің айтуынша, кішкентай нәрседен үлкен трагедия жасаудың қажеті жоқ. Кемішліктер болды, бірақ халықаралық бақылаушылардың өздері сайлау әділ өтті деп баға беріп отыр, – дейді Қайролла Ережепов.



Ал депутаттыққа түскен үміткерлердің дені халықарлық бақылаушылардың сайлау барысы жайында әділ бағаларын бермегендіктеріне наразылық білдіруде.

Мәселен, Астана қаласының нөмірі бірінші сайлау округінен депутаттыққа түскен Александр Босых ТМД мемлекеттерінен келген бақылаушылардың барлығы заң бұзушылықтарды көре тұрып, ақпарат құралдары алдында басқаша сөйлегені таңқалдырады дейді. Ол ТМД ның атқарушы хатшысы, бақылаушыларды бастап келген Рушайлоның мәлімдемесі әділеттілікке жатпайды. Ресей тарапы әділ бағасын бермей отыр. Бізге ондай достық қажет емес, – дейді Александр Босых.



Айта кету керек Қазақстандағы он екі саяси партияның ішінен Дариға Назарбаева жетекшілік ететін «Асар» партиясынан басқалары сайлаудың қалай өткендігі жайында өздерінің мәлімдемелерін жариялап үлгерді.
XS
SM
MD
LG