Accessibility links

БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының сессиясы жалғасып жатыр


Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында бүгін Босния және Герцеговина, Пәкістан, Румыния, Сербия және Черногория, Хорватия басшылары сөз сөйлемек. Нью-Йорктегі жиын барысында АҚШ президенті Джордж Буш Пәкістан президенті Перуез Мұшаррафпен кездеспек. Кеше сессия ашылуында сөйлеген Буш өзінің Ирақ және Ауғанстан саясатын жақтап сөйледі. Таяу Шығыста демократия және адам құқықтары құндылықтарын орнату барлық халықтарға тарихи мүмкіншілік беріп отыр, деді президент Буш. Бас хатшы Кофи Аннан халықаралық қауымдастықты заң мәртебесін қадірлеуге шақырды.

Тағы бір жаңалық – Бразилия, Германия, Үндістан және Жапония Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелігіне өтуге өтініш айтты.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG