Accessibility links

Багдадта бүгін басы кесілген адам мүрдесі табылды


Бұл кімнің мүрдесі екені әлі анықталған жоқ. Соғысушылар тобы кепілдікке түскен екі американдық азаматтың басын алдық, енді кепілдіктегі британиялық азаматты өліммен жазалаймыз, Ирақ түрмелерінен барлық әйелдер босатылмаса дейді. АҚШ әскери өкілі Ирақ түрмелерінде тек екі әйел қамауда отыр деді. Олардың бірі биологиялық қару маманы екен. Әділет министрлігінің өкілі ол әйел ақша кепілдігі қойылса шығарылуы мүмкін деді, бірақ бұл шешіммен соғысушылардың талабы арасында байланыс жоқ деді.

АҚШ әскері болса Бағдатың Садр сити ауданында соғысушылар бекінді деген нысаналарды әуеден атқылады. Радикалды шиитер қозғалысының өкілі бұдан 15 адам қаза тапты дейді. АҚШ әскери өкілі Насирия қаласының маңында тікұшақтары апатқа ұшырағанын айтты, экипаждың үш адамы жараланды.
XS
SM
MD
LG