Accessibility links

Қытай бас министрі Қырғызстан президентіпен келіссөз жүргізді


Қытай бас министрі Уен Джабао бүгін Бишкекте Қырғызстан президент Асқар Ақаевпен келіссөз жүргізді. Ош қаласынан Қашғар қаласына жол салу мәселесі, темір жол қатынастарын және әуе қатынастарын орнату сөйлесілді. Асқар Ақаев Қытай компанияларын Нарын өзенінің бойында салынып жатқан жаңа гидроэлектростанция құрылысына қатысуға шақырды. Уен Джабао Қырғызстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелігінде болуы екі ел арасындағы саудаға кең жол ашады деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG