Accessibility links

АҚШ елшілігіне басы кесілген азаматтың мүрдесі тапсырылды


Ирақ ресми орындары тапсырған мүрде кімдікі екенін АҚШ елшілігі жариялаған жоқ. "Тауид уал Жихадд" соғысушылар тобы кепілдікке алынған екі американдық азаматтың біреуінің басын алдық, екіншісін екі тәуліктен кейін солай өлтіреміз деп кеше жариялаған болатын.

АҚШ әскерінің әуе соққысында Ирақ көтерілісшілер тобының басшысы Абу Анас Әл Шамидың қаза тапқаны анықталды. Оның мәшинесіне шабуыл Бағдадтың батыс тұсында осыдан бір апта бұрын жасалған. Абу Анас Әл Шами "Әл Қаидамен" сыбайлас "Тауид уал Жихадд" тобының басшысы Абу Мұсаб Әл-Зарқауидің кеңесшісі.

Бағдадтың батыс тұсында бүгін мәшинедегі бомба жарылып, кемінде 11 адам қаза тапты, 50 шақты адам жараланды. Радикалды шиитер қозғалысы өкілінің айтуына қарағанда, бүгін Бағдадтың Садр сити ауданында АҚШ әскері соғысушылармен қақтығысып, 15 адам қаза тапты.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG