Accessibility links

Ресей Оңтүстік Кореяны Халықаралық атом энергетика агенттігімен толыққанды жұмыс істесуге шақырды


Ресей сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяны осы елдің атом эксперименттері мәселесінде Халықаралық атом энергетика агенттігімен толыққанды жұмыс істесуге шақырды. Оңтүстік Корея кейбір эксперименттерді жасағаны жақында анықталған. Оңтүстік Корея президенті Ро Му-Хыюн Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен Солтүстік Кореяның күдікті атом бағдарламасының мәселесін талқыласып жатқанда, міне, осындай үндеу айтылды. Ро Му-Хыюн Солтүстік Кореяның ядролық бағдаралмасының мәселесіндегі алтыжақ келіссөздерде еш бір тарап тың бастама көтермеді деп айтты. Солтүстік Корея ядролық қару жасауға ұмтылды деген мәселеде екі Корей елдері, Қытай, АҚШ, Ресей және Жапония өкілдері бірнеше рет келіссөз жүргізген.
XS
SM
MD
LG