Accessibility links

Бағдатта екі көлік жарылысы кесірінен кем дегенде 11 адам қаза болып, 50 шақтысы жараланған


Мұқтада әл-Садр жақтастарымен АҚШ күштері шайқастары барысында 15 адам қаза болған. Сондай-ақ АҚШ күштері Ирақтың Самара қаласында шайқастар жүргізуде. Абу Мұсаб әл-Зарқауи тобы кепілдіктегі екінші америкалықты да өлтірген болатын. Түрмелердегі әйел тұтқындар босатылмаған жағдайда британиялық тұтқынның да өлім құшатындығын олар мәлімдеді. Түрмеде екі ирақ әйелінің бар екендігін және олардың Саддам Хусейн биілігі тұсында химиялық, биологиялық қару бағдарламасы бойынша зерттеушілер болғандығын АҚШ-тың бастауындағы коалиция алға тартты.
XS
SM
MD
LG