Accessibility links

Қазақстанға аралық сот қандай тұрғыда қажет?

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қыркүйектің 23-і күні Қазақстан Парламентінің Сенаты «Аралық соттар туралы» заң жобасын Мәжілістің қарауына қайтарды.

Үкімет дайындаған заң жобасының мақсаты - Қазақстанда аралық соттардың құрылуын және оның қызметін реттеуді, сондай-ақ мұндай сот шешімінің орындалу тетігін реттеуді көздейді екен. Үкімет шетелдерде экономикалық даулардың көбісі аралық соттар арқылы шешілетінін және ол жайында ұлттық заңдардың барын айтады. Ал, Қазақстанда аралық соттарды құруды реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық акті әлі күнге жоқ деседі.

Заң жобасын дайындаушылардың айтуынша, аралық соттар мемлекеттер соттар жүйесіне жатпайды. Ал, Қазақстанда аралық соттар институтын дамытуға қажеттілік әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жағдайынан туындапты.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосыновтың айтуынша, аралық соттарға жүгінгенде тараптар бейтарап, құзыреттті сот төрешесін өздері таңдайды. Сот қарауына дейін болатын процедуралар болмайды. Дауды бір инстанцияда қарау мүмкіндігі көзделеді, сондай-ақ тараптар істі қарау орынын өздері таңдайды, дейді.

Аталған мәселе бойынша Қазақстан бірнеше халықаралық конвенцияларға қосылыпты. Сенат депутаты Қабдығали Ахметовтың айтуынша, жоба дауларды балама түрде қарауды көздейді. Аралық сот шешімі ерікті түрде орындалады. Аралық сот пен мемлекеттік сот бернеше шектеулі мәселе бойынша ғана қатынаста болады, дейді.

Депутат Ермек Жұмабаевтың айтуынша, аралық сот қараған шешімге қанағаттанбаған тарап мемлекеттік сотқа шағымданады.

Депутат Нұрлығайым Жолдасбаева дауларды баламалы әдіспен шешетін аралық соттар туралы заң жобасы қабылданса, азаматтардың таңдау еркі кеңейеді. Бұл коорупцияға қарсы күрес, өйткені тараптар сот төрешесін өздері таңдайды, аралық сот та әкімшілік ресурс жоқ. Ал жобаның теріс жағы бұл құзырлы сотқа қатысты, тараптар аралық соттың шешіміне шағымдануы мүмкін, дейді. Депутат Уәлихан Қайсаров аралық сот шешімінің мемелекеттік сотта қаралуын қолдамайды. Депутат Әбіш Кекілбаев аралық сотың шешімі түпкілікті болсын деген пікірге қарсы. Заңгер, ғалым Майдан Сүлейменов егер аралық сот шешімі мемлекеттік сотта қаралады деген мүмкіндікпен қабыданатын болса, ондай заңның қажеті жоқ, ол аралық сотты жоқ қылады, деп есептейді. Жоба парламент Мәжілісінің қарауына қайтарылды.
XS
SM
MD
LG