Accessibility links

Ақмола облысының шенеунiктерi жүзден асқан Күләй Құнантаеваның зейнетақысын кесiп тастаған

  • Ескендір ЕРТАЙ

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Астрагорка ауылында тұратын Күләй Құнантаева әжей жыл басында 100-ге толды. Кiшi ұлының айтуынша. жергiлiктi орындар 100-ге толған кейуананы марапаттау орнына, зейнетақысын кесiп тастаған. Сөзден, жүруден қалған әжейдiң жетi ұлының кiшiсi Қуатбек Сламбековтың анасының 1951 жылдан берi алып келе жатқан зейнетақысын қалпына келтiре алмай баспаған табалдырығы қалмапты. Тақырыпты «Азаттық» радиосының Астанадағы тiлшiсi Ескендiр Әбiтханұлы жалғастырады.

Ақмола облысы Сандықтау ауданында тұратын Қуатбек Сламбеков анасы Күләй Құнантаеваның 100-ден асқан шағында зейнетақысыз қалғанын айтып, баспаған табалдырығым қалмады дейдi. Тiптi, шiлде айында Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың халықпен тiкелей телебайланысы кезiнде телефон шалып, өтiнiш-шағымын да айтқан. Телебайланысты ұйымдастырушылар 1,5 айдың iшiнде жауабы берiледi десе де, әлi күнге дейiн еш хабар болмапты.

Сандықтау аудандық зейнетақы қорының бастығы Галина Цигуро Күләй Құнантаева әжейдi көптен берi бiлетiндiгiн айтады. «Неге екенi белгiсiз зейнетақысы дұрыс берiлмей келген деген себеппен облыстық департамент тиiстi құжаттарын жинап алған. Үш айдан берi хабар жоқ,- дейдi.

Еңбек және халықты әлеметтiк қорғау министрлiгiнiң Ақмола облыстық департаментiнiң директоры Мағауия Рақымбергенов болса, «Бiзде 100 мыңнан астам зейнекткер бар. Олардың барлығын түрiн түстеп танып жату менiң мiндетiм емес. Сондықтан Күләй Құнантаеваының жайынан хабарым жоқ.»,-дейдi.

Ал, сенатор, кезiнде Ақмола облысы әкiмiнiң әлеуметтiк саласы жөнiндегi орынбасары қызметiн атқарған Светлана Жалмағамбетова жүзден кейiн зейнетақыны тоқтатып тастау жөнiнде заң жоқ , бiр түсiнiксiздiк болған болар деп отыр.

Астана қаласында өткен жылы ғана 103-ке толған әжесiн құрметпен жөнелткен Тұрсынбек Әбдуев есiмдi азамат анасының тiрiсiнде барша құрметке бөленгендiгiн, оған әкiмшiлiк тарапынан сый-сияпат көрсетiлiп тұрғанын айтты.

Мәселенiң-мән жайын анықтау үшiн Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Гүлшара Әбдiхалықоваға телефон шалғанымызда ол бұл iстi өзi қолға алатынын айтқан едi. Араға бiраз уақыт салып мынадай хабар алдық. Күләй Құнантаева облыстың зейнетақы төлеу тiзiмiнде бар болып шықты. Бiрақ, 1961 жылғы ақша айырбасы кезiндегi олқылыққа байланысты зейнетақысы дұрыс есептелмеген. Бұрын 9800 теңге көлемiнде зейнетақы төленiп келсе, ендiгi жерде 5800 теңге төленетiндiгiн айтып отыр.

Ендi үш айдан кейiн 101-ге келетiн Күләй Құнантаева әжей кiшi ұлы Қуатбек Сламбековты жиi мазалап, «зейнетақымды тезiрек әперсең ауыл-аймақты шақырып той жасаймын» дейтiн көрiнедi.
XS
SM
MD
LG