Accessibility links

Ресейдің “Киношок-2004” кинофестивалінен қазақстандық үш бірдей фильм жүлдегер атанды

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Жыл сайын Ресейдің Анапа қаласында өтетін ТМД және Балтық жағалауы елдерінің дәстүрлі “Киношок-2004” кинофестивалі өз жұмысын аяқтады. Он үшінші рет өтіп отырған бұл кино фестивальде биыл үш бірдей қазақ киносы бас жүлделелерді иемденді. Бұл жаңалықты “Қазақфильм” киностудиясы зор табыс ретінде бағаласа, кейбір кино мамандар мен көрермендер ол турасында қайшылықты пікірлерін білдіруде.

“Киношок” фестивалінде жүлде алған үш қазақ киносының екеуінің авторларының туындылары олардың тырнақ алды жұмыстары. Олар Серік Өтепбергеновтың “Мылқау” фильмі қысқаметражды кинолардың ішінен халықаралық әділқазылардың бас жүлдесін жеңіп алса, Рүстем Әбдірәшевтың “Қаладан келген қыз” толықметражды фильмі бас жүлдені қанжығаға байлаған. Ал белгілі режиссер Серік Апырымовтың “Аңшы” фильмі “үздік режиссерлік еңбегі үшін” марапатталған. Бұл жүлделер жөнінде “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы Дидар Амантай соңғы уақыттағы ең үлкен табысымыз деген ойын жеткізді.

Алайда кинотанушы Назира Рахманқызы бұл шетелдерден жүлде алып жататын қазақ кинолары өкінішке орай Қазақстанда бірде-бір рет көрсетілмеуі үйреншікті жайтқа айналғанын айтады.

Ал режиссер Болат Қалымбетов осы жүлделер жөнінде өзінің қайшылықты пікірде екенін жеткізді.

Сондай-ақ бұл жаңалыққа орай кейбір Алматы қаласының тұрғындарының пікірін қазақ киносының көрермендері ретінде сұрағанымызда түрліше ойларын білдірді.

Дегенменде “Киношок” фестивалінен жүлде алған бұл туындылар Қазақстанда міндетті түрде көрсетіліп, олар қазақстандықтардың көңілінен шығады деген ойдамыз дейді “Қазақфильм” киностудиясының басшылығы.
XS
SM
MD
LG