Accessibility links

Қазақстанда спорттық ғылыми – зерттеу институты ашылуы мүмкін


Үстіміздегі жылдың тамызында Афины қаласында өткен 28-ші Олимпияда ойындарында Қазақстанның Ұлттық Құрама командасы жалпы командалық есеппен 40-шы орынды иеленіп қайтқан болатын. Бүгінде ойындар өз мәресіне жетіп, спортшылар туған жеріне келіп демін басып алғаннан кейін , Олимпиядадағы ұлттық құрама көрсеткіші жан - жақты талқылануда. Біреулер Қазақстанның құрама командасында негізінен жас спортшылар болғандықтан, 1 алтын, 4 күміс, 3 қола жақсы көрсеткіш десе. Ендігі біреулері әліде болса елдегі спорт дұрыс жолға қойылуы тиіс дегенді айтып отыр.

Афинада өткен Олимпияда ойындарынан оралған спортшылар енді – енді өз қалпына келіп, олардың арасындағы орын алғандары жеңістің дәмін енді сезініп, әліде болса өз жеңістері туралы бір түрлі қобалжып баяндауда. Соның бірі қола медаль иегері, Қарағандылық бокшы - Серік Елеуов, бізге берген сұхбатында былай деген болатын. - Ой, әлі өзім білмеймін. Үшінші орында тұрғанда, Қазақстанның туы көтерілгенде... Сөзбен айта алмаймын.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына жалғыз алтын алып берген боксшы Бахтияр Артаев болса, соңғы ақтық сайысын төмендегідей суреттеп берді.

- Арагонмен шыққанда мен шынымды айтсам, екінші рауындтың ортасында Арагон өзі шамасы маған жетпейтіндігі байқалып, оның қас – қабағынан мен көре бастадым. Өткені ол шамасы жетпейтінін білдіде жай-жай сына бастады. Соны бақадым да қалай бастадым солай, бір темпті ұстап отырдым.

Биылғы Олимпияда ойындарында Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медальдар жеңіп алып, жалпы командалық есеппен 40- шы орынды иеленді. Бұл көрсеткіш осыдан 4 жыл бұрын өткен Сидней Олимпиядасындағы көрсеткішітен едәуір төмен. Оның себебін, Қазақстан Республикасының бокстан құрама командасының бас бапкері Ермахан Ибраимов төмендегідей түсіндірген болатын. - Ол Олимпияда ойындарында кеңес одағынан шыққан боксшылар болған. Ал , қазір біздің осы Олимпиядаға барғандар тек қана Қазақстаннан тәрбиеленген боксшылар. Сондықтан жас команда. Мен ойлап отырмын енді келесі Олимпиядада біздің жігіттеріміз бұданда көп алтын медаль алып келеді.

Бас бапкердің айтуынша, биылғы құрамада негізінен жас спортшылар дегенмен мен өз командаммен бірге, Олимпияда алдындағы берген уәдемдізді жүзеге асыра алдық. - Мен негізі Олимпиядаға кетіп бара жатып айтқан едім, бір алтын, бір күміс, бір қола медаль алып келемін деп. Сол медальдарды алып келе алғаныма ризамын.

Ал Қазақстан Республикасының греко – рим күресінен құрама командасының бас бапкері Юрий Мельниченконың сөзіне қарағанда, биылғы Олимпиядаға барған спортшыларға әсіресе боксшыларға жүктелген сенімнің күштілігі мүмкін осындай нәтиже әкелді.

Олимпияда ойындарынан кейін, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, жаттығу жұмыстарына оның ішінде бапкерлер ісіне аса мән берілетіндігін айтқан болатын.

Оның айтуынша, мүмкін басқа мемлекеттер сияқты , шет елдік жаттықтырушыларды шақыртып тәжірибе алмасып. Не болмаса, өз бапкерлеріміздің сапасын көтеру мәселесімен айналысу қажет.

Сонымен қатар, спорттық ғылыми – зерттеу институтын құрудың кезі келген сияқты. Бұл біздің бағдарламамызда көрсетілген. Денсаулық сақтау министрлігінің ғылымға бөліп жатқан қаржысының арқасында біз мұны кешіктірмей құруымыз қажет. Сонымен қатар ел ішінде жасөспірімдерге арналған Олимпиядалық резерфтерді дайындау мектептері ашылады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG