Accessibility links

Ирақ бас министрі Рихаб Таханы босатуға қарсы


Ирақ үкіметі бас министр Ияд Аллауи АҚШ қарауындағы түрмеде отырған биологиялық қару маманы Рихаб Таханы шығаруға қарсы деп жариялады. Екі американдық азаматты кепілдікке алып, сосын өлтірген соғысушылар тобы болса Ирақ түрмелеріндегі барлық әйел тұтқындар босатылсын деп талап қояды. Енді олар кепілдіктегі британиялық азаматты өлтіреміз деп бопсалап отыр. АҚШ әскери басшылығы Ирақ түрмелерінде тек екі әйел қамауда отыр, оның біреуі осы биологиялық қару маманы Рихаб Таха дейді. Ирақ үкіметі Рихаб Таха және жоғары деңгейдегі тағы екі тұтқынның мәселесін қайта қарастырып отырмыз, бірақ бұл соғысушылардың талабынан шығып отырған жоқ дейді.Британия сыртқы істер министрі Джек Стро адамдарды кепілдікке алушылармен келіссөз жасамаймыз деді. Соғысушылардың басқа тобы кепілдіктегі екі италияндық әйелді өлтірдік деп мәлімдеген болатын, бірақ бұл мәлімет дәйектелген жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG