Accessibility links

Түркияның Еуропа Одағына кіру өтініші қаралатын болды


Еуропа Одағының үйлестірушісі Гюнтер Ферхойген Түркияның ұйымға өту өтініші жайында екі тарап арасындағы даулы мәселелер шешілді деп мәлімдеді. Түркияның өтінішін қарау үшін ешқандай шарт қойылмайды, Еуропа Комиссиясы Түркия жөнінде енді ұсыныс шығара алады, деді Гюнтер Ферхойген бүгін Брюсселде Түркия сыртқы істер министрі Режеп Тайып Ердоғанмен кездескен соң. Еуропа Комиссиясы Түркияның өтініші жайында 6 қазанда қортынды баяндамасын жариялайды да, Еуропа Одағына өту жөнінде келіссөз бастау-бастамау мәселесіне төрелігін айтады. Түркия мемлекеттік хатшысы Мехмет Айдын бүгінгі мәлімдемесінде парламент жексенбі күні қайта жиналып, қылмыстық кодекс реформасы заңының жобасын қайта талқылайды деді. Бұл жоба жөнінде үкімет пен оппозиция арасында текетірес байқалады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG