Accessibility links

Қазақстан парламенті сайлауының қортындысы шығарылды


Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының қортындысын шығарып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Отан" партиясы көпшілік орынды алғаны белгілі болды. Қазақстан парламентінің төменгі палатасы яки мәжілісте 77 орын бар, жоғарғы палата яки сенат басқаша жасақталады. Оппозициядан тек "Ақ жол" партиясы өтті, ол мәжілісте бір мандатқа қане қол жеткізді. Президентшіл бағыттағы "Аист" бірлестігі 10 мандатқа, президенттің қызы Дәриға басқаратын "Асар" партиясы үш мандатқа ие болды. Тәуелсіз кандидаттардан сегіз адам өтті. 22 мандат үшін сайлау қайта өткізілмек.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан басшылығы уәдесінде тұрмады, сайлау еркін өтпеді дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG