Accessibility links

Сайлау қортындысына байланысты Қазақстанның «Ақ Жол» Демократиялық партиясы саяси мәлімдеме жариялады

  • Досан БАЙМОЛДА

Орталық сайлау комиссиясының бейсенбі күні жариялаған алғашқы сайлау қортындысына байланысты Қазақстанның «Ақ Жол» демократиялық партиясы осы сайлау нәтижесін танымайтындығын, мойындамайтындығын білдірген саяси мәлімдемесін жариялады.

БАҚ өкілдері алдында осы мәлімдемені таныстырған «Ақ Жол» партиясының саяси кеңесінің бастығы Әлихан Бәйменовтың айтуынша қыркүйектің 23 і күні Орталық Сайлау Комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиева ханым таныстырған бұл сайлау қортындысы шындыққа сәйкес келмейді яғни сайлаушылардың берген нақты дауыстарын көрсете алмайды. Өйткені сайлау өту барысында болсын, оның қортындысын шығарған кезде болсын билік түрлі қитұрқы әдістер қолдану арқылы, түрлі заң бұзушылықтарға жол беру арқылы сайлау қортындысын өтірік шығарды. Бұны растайтын мыңдаған құжат қағаздардан басқа заң бұзушылық фактілерін көре тұра оған қарсы болып, өз еріктерімен жұмыстарын тастаған сайлау учаскелерінің бар болуы көпті аңғартып отыр. Әлихан Байменовтың айтуынша «Ақ Жол» партиясы осындай заң бұзушылықтарға жол берген Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін және облыстық, қалалық, округтік сайлау комиссяиларының да мүшелерін сотқа бермекші.

Сондай ақ осы жолғы сайлау қортындысын теріске шығарып оны керексінбеу жөніндегі ұсыныспен сотқа қайырылып отыр. Жоғарыдан түрлі тапсырмалар беру арқылы сайлау науқанына және сайлау қортындысын шығару ісіне араласқан президент әкімшілігінің басшыларын жәнеде Алматы, Астана қалаларының , облыстардың әкімдерін қылмыстық іске тарту туралы Ақ Жол партиясы сотқа шағымданған.

Азаматтардың конституциялық құқықтарынының бұзылғандығын тексеретін тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылғандығын Әлихан Бәйменов мәлімдеді. Ақ Жол партиясы осы жолғы сайлау қортындысымен келіспейтіндіктен, жаңадан сайлау өткізіді талап етуші азаматтардың қолдарын жинау нақанын бастағалы отыр.

Сонымен бірге констиуция кепілі ретінде Қазақстан президенті азаматтардың құқықтары бұзылып жатыр деген үндеуге, хабарға еш елең етпеді. Сондықтан да Ақ Жол партиясы өзінің конситуциялық міндетін орындамаған президентке сенімсідік танытатындықтарын білдіреді делінген бейсенбі күнгі « Ақ Жол» партиясының мәлімдесінде.
XS
SM
MD
LG