Accessibility links

Италия үкіметі кепілдіктегі әйелдер өлтірілді дегенге күмәнді


Ирақта екі италияндық әйелді кепілдікке алған "Ислам Джихады Ұйымы" оларды өлтірдік деп бүгін интернет парақшасында хабарлады. Италия үкіметі бұған нақты дәлел жоқ деп, күмән келтіріп отыр. Әйелдер жұмыс істейтін ізгі ниет көмегі ұйымы да мәліметке сенімсіздік танытты. Бағдадта жұмыс істеп жатқан бұл екі әйелді қару асынған азаматтар кеңселерінен 7 қыркүйекте алып кеткен болатын. Бұл әйелдерді кепілдікке алдық деп "Ислам Джихады Ұйымы" да, "Әл Зарқауи жақтаушылары" дейтін басқа ұйым да мәлімдеп келеді. Италияндық екі әйелді өлтірдік деп оларда айтқан болатын.

Кепілдікте отырған британиялық азаматты айтатын болсақ – Ирақ үкіметі және Британия сыртқы істер министрі Джек Стро адамдарды кепілдікке алушылардың бопсалауына көнбейміз, олармен келіссөз жасамаймыз деді.
XS
SM
MD
LG