Accessibility links

Пәкістан елбасы Первез Мушараф өз елі жасақтарын БҰҰ басқаруындағы күштер құрамында Ираққа жібермейтіндігін мәлімдеді


“Мұндағы әскер санының одан әрі өсе түсуіне біз үлес қоса алмаймыз. Себебі ол жасақтар басқыншы күштер ретінде танылуда. Демек, біздің бұл елге баруымыз түбірімен жеміссіз тірлік болар еді”-, деді Мушараф мырза. Қазір елде тұрған шет елдік жасақтардың орынын неғұрлым тезірек басу үшін Ирақ күштерінің жедел түрде арнайы жаттығулардан өтуінің аса маңыздылығын ол баса айтты. Ираққа жіберілетін БҰҰ-ның арнайы күштері қатарына әліге дейін ешқандай ел өз әскерлерін қоса қойған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG