Accessibility links

Алматыда Қазақстан жұртшылығы көрнекті қоғам қайраткері Қалдарбек Найманбаевты соңғы сапраға шығарып салды

  • Досан БАЙМОЛДА

Қыркүйектің 24-і күні Қазақстан жұртшылығы Алматыдағы М.Әуезов драма театрында көрнекті қоғам қайраткері, белгілі жазушы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаевты соңғы сапарға шығарып салды. Марқұм 66 жасқа қараған шағында ауыр науқастан қайтыс болды.

Қ.Найманбаев 1939 жылы наурыздың 16 сында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Асықата ауылында дүниеге келді.

1956жылы Қазақ мемелекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсіп, оны 1961 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. Қ.Найманбаев Қазақстанда шығатын түрлі газет, журналдардың редакцияларында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Қ.Найманбаев сондай ақ «Жалын» баспасында одан соң «жазушы! Баспасында бас директор қызметтерін атқарды. Марқұм өмірінің соңғы 15 жылы шетелде жүрген қазақтармен тікелей байланысты жұмыс істеді. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары ретінде шетелдегі қазақтардың тыныс-тіршілігіне қатысты проблемаларды республиканың басшы билік органдарына жеткізіп, олардың ойдағыдай шешілуіне ат салысып келді.

Қ.Найманбаев қазақ әдебиетіне де елеулі үлес қосқан қаламгер. Оның қалымынан жиырмаға тарта кітап жарық көрді.

Қыркүйектің 24 і күні Алматыда өткен марқұммен қоштасу қаралы жиынына Еуропаның Германия, Швеция, Түркия секілді елдерінде тұратыұ қазақтардың өкілдері және Қазақстанмен көршілес Өзбекстан, Қытай, Ресей және Моңғолияда тұратын қазақтардың өкілдері қатысты. Марқұмның мәйіті Алматы мыңындағы Кеңсай зиратына жерленді.
XS
SM
MD
LG