Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелдтің айтуынша, аймақтағы озбырлық әрекеттері кесірінен Ирақта алдағы жылдың қаңтарына белгіленген сайлаулар дер кезінде өтпей қалуы мүмкін


Бірақ Рамсфельдтің АҚШ Сенатындағы қарулы күштер қызметі комитетінің алдында бейсенбі күні айтуынша, өтпей қалғаннан гөре нашар болса да сайлаудың болғаны дұрыс екен.

-Айталық, кейбір жағдайларға орай сіздер мемлекеттің төрттен үш, немесе бестен төрт бөлік аймағында сайлаулар өткіздіңіз делік. Бола берсін. Өмірде әрқашан да бәрі тамаша бола бермейді. Сондықтан, ойдағыдай болмаса да, Ирақта алдағы қаңтарда сайлаудың өткені дұрыс, - дейді АҚШ Қорғаныс министрі.

Доналд Рамсфельд өзінің бұл ойын Ирақтағы уақтынша үкімет басы Айад Аллауи Вашингтонда президент Бушпен кездескен сәтте айтты. Кейінірек Джордж Буш пен Айад Аллауи де кейбір кедергілерге қарамастан Ирақтағы сайлаудың қаңтар айында өткізілгендігі дұрыс деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG