Accessibility links

Ресей президенті В.Путин бүгін жұмада шет елдік БАҚ өкілдері алдында сөйлеген кезінде лаңкестіктен бастап, демократия және жаппай қырғын қаруларын жою сықылды бір қатар мәселелерге тоқталып өтті


Путинның айтуынша, Ресейге қарсы жарияланған терроршылық соғысы үкіметті одан әрі нығайтып, елдің аумақтық біртұтастығын сақтап қалу шараларына жедел кірісу қажет екендігін көрсетеді. Ресей президентінің айтуынша, лаңкестік шабуылдары Ресейдің осыдан он жыл бұрын таңдаған жолы - демократия мен нарықтық экономия бағытынан оны тайдыра алмайды.

Сондай-ақ президент Путин, Баспасөз еркіндігі демократиялық дамудың кепілдігі бола алады. Баспасөздегі сындар кейде ұнамағанымен, барлық деңгейдегі ресми басшылыққа пайдалы екендігі сөзсіз. İс жүзінде, біз жариялылықтың, үкіметтің мөлдірлігінің негіздерін қалыптастыру жолындағы заңдық мүмкіндіктерді жасай бастадық. Дегенмен, БАҚдары өкілдері де өз ісіне жауапты және әділ болғандығын қалар едік,- деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG